Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ТЕСТКЕ ДАЙЫНДЫҒЫҢ ҚАЛАЙ, ЖАС ТҮЛЕК! 25.05.2016
        
  М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте Жалпы Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын мектеп бітірушілерімен кездесу болып өтті. Кездесуге ауданның бас имамы Алдажар Сейітұлы және психология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Дастанқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Зарлық Исламқызы және ҰБТ тапсырушы 150 жас түлектер мен мектепішілік психологтар қатысты. Шара барысында оқушыларға діни сауаттылық тұрғысында және ҰБТ қарсаңында қатысушыларды психологиялық дайындау үлкен жауапкершілік екені айтылды.
Сөз соңында «Іле ауданының жастар ресурстық орталығының» жетекшісі Ж.Б.Таттимбетов өз сөзінде:
- «ҰБТ-ға дайындалып жүрген жас түлектерге айтарым, мұғалімдердің көмегіне, ата-ана қалтасына сенудің қажеті жоқ. Одан да өздеріңіз алдарыңызға мақсат қойып, соған қарай ұмтылуға тырысыңыздар. ҰБТ өмірдің соңғы кезеңі емес, керісінше, алғашқы сатысы. Ойдағы баллды алмасаңыздар да, ең бастысы, адами қасиеттеріңіз бен кеудеде толған ақ армандарыңыздан айырылмаңыздар! Серіктеріңіз өздеріңізге сенім болсын! Өз күштеріңізге, өз білімдеріңізге сенім артыңыздар! «Аз балл алсам пәленше не дейді?!», «Маған қарағанда, Бәлен көп балл алса қайтем?!» деген сынды түкке тұрмас ойлардан арылыңыздар. Қанша балл алсаңыздар да «Бұл маған тиесілі балл», «Бұл менің маңдайыма бұйырған балл» деп қараңыздар. Бірақ, еш уақытта «Мен алған балл - менің білімімнің көрсеткіші» деп ойламаңыздар. Сол себептен де, ҰБТ-ға өтпелі кезең деп қарағандарыңыз абзал, - деді.
Жалпы айта кетсек аудан бойынша қазіргі таңда 11-сынып оқушылардың саны - 1286, оның ішінде ҰБТ-ке қатысатын - 972 оқушылар арасында 10 рет аудандық, 3 рет облыстық сынақ тест өткізілді, аудан бойынша орташа балл - 77,3. Өткізілген 13 тест қорытындысы бойынша «Алтын белгі» төс белгісіне 37 үміткер, ал «Үздік аттестатқа» 12 үміткер тізімге тіркелген.