Басты  - Ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру тақырыбы бойынша ҚРҰБ брифингі
 

 
 
 
ҚРҰБ Төрағасының Орынбасары Кожахметов К.Б. және ҚРҰБ Төрағасының Кеңесшісі Айманбетова Г.З. қатысуымен Ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру тақырыбы бойынша ҚРҰБ брифингі
Алматы, 2015 жылғы 16 сәуір
08.05.2015

Президент биылғы жылдың 11 ақпанында ипотека алушыларға тиісті қолдау көрсетуге тапсырма берді. Бюджетте қажетті қаражат қарастырылмағандықтан ҚР Ұлттық Банкі 2004 жыл және 2009 жыл аралығында берілген ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру үшін 130 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Банктер ақшаны 3% ставка бойынша 20 жылдық мерзімге береді. Банкттер осы қаражатты 2,99 % ставкасымен алғаннан кейін заемшылардың ипотекалық кредиттерін 3% аспайтын ставкамен қайта қаржыландырып, 20 жылға дейінгі мерзімде кредиттік қызмет көрсетеді деп болжануда. Сондай-ақ, бөлініп отырған қаражат екінші деңгейдегі банктер үшін қор жинау базасы болып табылады. Бірақ банктер барлық қаражатты 20 жылдан кейін қайтаруға тиіс.

Бағдарламаның негізгі өлшемдері
Негізгі борыш 36,5 млн.теңгеден аспауы керек немесе АҚШ 200 мың доллары болу керек, заемшылардың жалғыз тұрғын үйінің алаңы 120 шаршы метрден аспауы қажет. Егер заемшы және оның отбасы әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар қатарына жататын болса, онда алаң бойынша шектеу нормасы оларға қатысты болмайды. Аймақтағы осындай отбасылардың Алматы немесе Астана қалаларындағы төмен баға бойынша 120 шаршы метрден асатын тұрғын алаңын сатып алуға мүмкіндіктері болған. Бірақ та қойылатын талап - заемшының бір ғана тұрғын үйі болуға тиіс.
36,5 млн. теңгеден, немесе АҚШ 200 мың долларынан аспайтын мөлшердегі барлық валюталық кредиттер қайта қаржыландырылады деп тұжырымдаймыз. Сонымен қатар, проблемалық ипотека алушылардың өткізіп алған мерзімі 90 күннен артпаған кредиттерін қайта қаржыландыру қарастырылып отыр. Бағдарлама барлық әлеуметтік -тұрмыс жағдайы төмен тұрғындарға жұмыс істейді.

Бағдарлама барлық деңгейдегі талқылаулардан өтті
Бағдарламаны әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына депутаттар, әртүрлі партиялардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары кірді. Олар Бардарламаның талаптарын екі ай бойы талқылады. Содан кейін Бағдарлама Үкіметтің, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, сондай-ақ Ұлттық Банктің қаржы тұрақтылық кеңесінің және Ұлттық қор қаражатын бақылау жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылды. Өткен аптада Бағдарлама Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінде бекітілді.

Бағдарлама қалай жұмыс істейді
Бұл Бағдарлама борыштарды есептен шығаруға емес, кредиттердің талаптарын жеңілдетуге көзделген. Сөйтіп проблемалық заемшылардың барлық негізгі талаптары осы Бағдарламада шешілді. Негізгі борыштың қалдығы ғана қайта қаржыландырылады. Мынадай нақты мысалда түсіндіруге болады. Мысалы, Сіз 2005 жылы 15 жылдық мерзімге 18 % ставка бойынша АҚШ 100 мың долларды кредитке алдыңыз, және оның орындалу мерзімі 2020 жылы аяқталады. Осы жағдайда заемшы тең мөлшерде бес жыл ішінде ай сайын 600 мың теңгені төлейді. Ал Бағдарлама шеңберінде кредитті өтеу мерзімі 20 жылға ұзартылып, айлық төлемі 120 мың теңгені құрайды.
Біз осы депозиттерді банктерге Бағдарлама шеңберінде 2,99 % ставка бойынша береміз, олар клиенттеріне 3 % ставкасымен береді. Мұндайда банктер клиенттерінен кредиттерін қайта қаржыландыру, оның ішінде өтінімдерін қараған кезінде және одан арғы кезеңдерде қосымша комиссияақы ұстамайды.
Банктер ставканы одан әрі төмендету мәселесін де шеше алады, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен тұрғындарға 1 %, 2 %, немесе 0,1 % ставкасымен де беруге құқылы. Бірақ бұндай шешімдерді тек өздері қабылдайды. Бастысы, банктер инфляция деңгейінен біршама төмен 3 % аспайтын ставка бойынша қайта қаржыландыруға тиіс. Банктер төлем бойынша каникулдарды да қарастыра алады, негізгі борыш бойынша өтем сомасын азайта алады және тағы басқалары. Сөйтіп, әрбір заемшының мүмкіндігіне қарай жеңілдіктер жасалады. Осындай мүмкіндіктерді банктің өзімен нақты талқалау қажет. Борыштарды есептен шығарып тастауды талап ету заңсыз болып табылады. Ал мемлекет кредит қызметін қазір біршама жеңілдетіп отыр. Егер банктер заемшының болашақта кредит сомасын өтей алмайтынын байқаған жағдайда есептен шығара алады. Бірақ, қайталап айтамын, бұл мәселені тек қана екінші деңгейдегі банк шешеді.

Бағдарлама шеңберінде қаражатты игеру айқындылығы - бастапқы міндет
Заемшылар тарапынан наразылық және шағымдарды болдыртпау үшін банктер ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру барысында айқындылықты қамтамасыз етуге тиіс. Осыған орай әкімдіктерде арнайы комиссиялар құрылады, олар Бағдарлама шеңберінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктерді қарайды. ҚР Ұлттық Банктің бөлген қаражатын мақсатты пайдалануын «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ бақылайды. Қаражаттаы мақсатты пайдаланған жағдайда айып салу шаралары көзделген банктермен депозиттік шарттар жасалады. Бұл процеске банктермен қоса тартылған заемшылар, Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы, банктік омбудсмен әрбір жағдайды егжей-тегжейлі қарастырады. Бірақ банктер заемшылар тарапынан арыздарды қайта қаржыландырудан бас тартқан жағдайда арнайы комиссия қарайды, біз оларды әкімдіктер маңынан құрамыз. Комиссия құрамына банктер, қоғамдық ұйымдар, құқыққорғау органдардың өкілдері, әкімдіктер, жалпы мүдделі тараптар кіреді.


Банктер кредит бойынша проценттік ставакалар төмендетілген және берешектер жойылған жағдайда, есептен шығарылған сомасының 20% мөлшеріндегі корпоративтік табыс салығын төлеуге міндетті, осының салдарынан Бағдарлама іске аспау қатері туындайтыны туралы Қаржы қызметтерін дамыту Ұлттық қорының мәлімдемесі
Әрине, заңнамада есептен шығару қаралмаған. Осы Бағдарламаның шеңберінде негізгі борышты қайта қаржыландыру көзделген, және банктер проценттік сыйақыларды кешіре алады немесе есептен шығарады. Бұндай жағдайлар Бағдарлама бойынша заемшылардың жайларын жеңілдетуге кедергі болмайды.
Егер банктер негізгі борышты есептен шығаруға мүдделі болып, клиенттер үшін салық төлемін жасаса, онда шешімдер әрбір жеке түрде қабылданады. Әрине банктер бәрін кешіре бермейтіні түсінікті, өйткені банктер бұл Бағдарлама бойынша делдал ролінде. Олар бізден депозиттерді алып отыр және оларды сыйақысымен қайтаруға міндетті. Біз жеке банктерді барлық борыштарды есептен шығаруға бағындыра алмаймыз, өйткені ешкім де шығынды өзіне алғысы келмейтіні анық.
Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі банктердің салық төлемі туралы көтерген мәселесі одан ары қарай барлық мүдделі тараптармен өңделеді.

Бұл Бағдарлама әлемдік тәжірибеде теңдессіз болып табылады
Қазіргі таңды әлемдік тәжірибе бойынша Ұлттық Банктің тарапынан ипотека заемшыларын қолдау шарасы теңдесі жоқ болып отыр.
Заемды қайтару мерзімін ұзарту, проценттік ставканы төмендету және кредитті теңгеге ауыстыру арқылы ипотекалық кредиттерге қызмет көрсету бойынша біршама жеңілдіктер қолданылады деп ұйғарамыз.
Бұндай қадам, шындығында, Ұлттық Банктің әлеуметтік мәселелерді тікелей шешуге бағытталғаны анық. Бірақ кейбір заемшылар бұғанда риза болмай отыр. Біз әділеттікті қолдай отырып, ипотека заемшыларына қойылатын талаптардың тоқтатылуына қарсымыз. Өйткені, өз кредиттерін жылдар бойы адал төлеген заемшыларға әділетсіздікпен қарағанымыз болып табылар еді.
Сөйтіп, Бағдарлама шеңберінде банктер қазіргі нарықтағы ең арзан ресурстарды қабылдап алуда. Ұлттық Банк банктерге жылдық 3% ставкасы бойынша 20 жыл мерзіміне қор беріп отыр. Бұл көрсеткіш инфляция деңгейінен төмен және қазір күні 5,2% құрады. Осының бәрі Ұлттық Банк тарапынан жасалып отырған жеңілдіктер.

Бағдарлама туралы оның барлық әлуетті қатысушылары білуі тиіс
Барлық журналистерге өтініш - халық арасында Бағдарламаның барлық талаптары барынша анық жазылсын, ипотека алған заемшылар кредиттік қызмет көрсетуге қатысты мүмкіндіктерді біліп, банктерге өтінім жазуға келсін. Кредиттерді өтеу бойынша мерзімдерге қатал талап қойылмайды. Біз тұрақты түрде ақпараттарды таратып, Ұлттық Банктің ресми-сайтында тиісті мәліметтерді орналастырдық, банктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырдық.
Бөлініп отырған 130 млрд. теңге қаражаты еліміздегі проблемалық ипотека заемшыларының басым көпшілігінің борыштарын жабады дееп санаймыз. Аталған соманы бөлген кезде барлық проблемалық кредиттер, оның ішінде валюталық кредиттер, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмысы төмен тұрғындарға берілген кредиттер де ескерілді. Біз Бағдарламаның барлық талаптарын түсіндіру үшін Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.