БАСТЫ > 

 
 
ТУҒАН ЖЕРДІ СҮЮ – ҰЛТ ЖАНДЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ 25.10.2017

           

        

Қазақ «Отан – отбасынан басталады» дейді. Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншілікпен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып қолдауымыз керек.

Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

Патриотизмнің ең жақсы үлгісі мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса, туған жеріне, еліне аянбай еңбек еткен қоғам қайраткерлерін, еңбек ерлерін қолдап, құрмет көрсету біздің парызымыз. Осыған орай көрнекті қоғам қайраткері, еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері, Алматы облысының, Іле, Ұйғыр, Талғар аудандарының «Құрметті азаматы», дара тұлға Заманбек Батталхановтың өмірін оқушылармен бірге зерттеу жоспарлануда. «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында Қазақстан тарихы пәні бойынша мектепте тарих пәнінің мұғалімдері Казербаева Гүлнар Құлжабайқызы мен Мустафиярова Бағлан Тоқтарқұлқызы авторлығымен «Жетісу тарихы» курсы, Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы мен Байгөзова Раушан Имбергеновнаның авторлығымен «Іле тану» курстары өткізілуде. 

Осы курстардың аясында оқушылардың мұражайларға, мәдени ұйымдарға, тарихи жерлерге саяхат жасауы жоспарланған. Атап айтар болсақ, тарих пәнінің мұғалімдері А.Әбдібекова мен А.Нұрлыбаеваның жетекшілігімен «Әлмерек баба» кесенесіне, Алматы қаласындағы орталық мұражайға, «Үштаған» ерлік ескерткішіне,  Жаңалық ауылындағы «Қуғын-сүргін құрбандарына қойылған ескерткішке», және ауған соғысы жауынгерлеріне қойылған ескерткіштерге тағзым жасап қайтты..

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Ал бұл бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру – біздің баршамыздың міндетіміз.

 

А.НҰРЛЫБАЕВА,

М.Мақатаев атындағы

№13 орта мектебі

тарих пәнінің мұғалімі