Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруда, жыл сайынғы Жолдау міндеттерін, маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларды орындауда, жалпы ел экономикасын дамытуда жергілікті округтардың атқарар үлесі мол. Өйткені, жергілікті атқарушы органдар бір табан болса да халыққа жақын. Өз өңіріндегі өзекті мәселелерді жақсы біледі. Осы орайда біз Боралдай кенттік округінің әкімі Мұрат Орынбайұлы Сәлімбаевты әңгімеге тартқан едік.
- Мұрат Орынбайұлы, Боралдай кенті өндіріс көп шоғырланған өнеркәсіпті өңірдің бірінен саналады.
- Дұрыс айтасыз, кент аумағына ірі өндірістік орындары көптеп саналады. Боралдай қант зауыты», «Боралдай механикалық-жөндеу зауыты», «Демеу» ЖШС, «Элеас» ЖШС, «Кормовик», «Фрут-ай», ЖШС-і, «Газ Пром Нефть» мұнай базасы, «Жедел» автобус паркі, ЖШС «Пак» наубайханасы, 2-қыш кірпіш зауыты, «Транс Азия Сток» УЖСҚ, »Байказ бетон», ЖК «Ақұлпа» ЖШС «TEODA SERVICE», ЖШС «ROIAL-ITD», «Инвест бетон» ЖШС- сияқты ірі кәсіпорындар тек өңірдің ғана емес, ауданның, облыстың экономикасын дамытып отыр. Кент тұрғындарын жұмыспен қамтып қана қоймай, әр түрлі шараларға белсене қатысып, ізгілікті істер атқарады. Мектептер мен кенттік ауруханаға қайырымдылық шараларын жасайды. Жалпы, өндіріс бар жерде жағдай да жақсы болады емес пе. Кенттің көркейіп, көріктенуіне де осы кәсіпорындар қолдан келген көмектерін көрсетеді. Одан басқа Алматы қаласында, облыс орталығында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысып тұрады. Атап айтсақ, мереке күндері кенттің ЖШС «Ас-Ан», ЖШС «Фрут-Ай» және «ПАК» сынды кәсіпкерлері облыстық, қалалық деңгейдегі өткізілетін ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне өз тауарларымен қатысып жүреді.
Кентте аптаның демалыс күндері, яғни сенбі және жексенбі күндері азық-түлік өнімдерімен жәрмеңке ұйымдастырылып отырады. Жәрмеңкеге түрлі тауар өнімдерімен 20-ға жуық сатушылар қатысады.
2015 жылдың мамыр айында «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын жариялады. Осы бағдарламаның жүзеге асырылуына боралдайлықтар жоспарлы түрде жұмыс жүргізеді. Өйткені, «100 қадам түріндегі жоспар еліміздің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіне мүмкіндік береді. Аталмыш жоспар «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» бағдарламаларының жалғасы. Бұл ел экономикасының дамуы үшін, халқымыздың әл-аухатының артуы үшін және мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тиімді ықпал жасайды.
- «Кәсіп бар жерде нәсіп те болады» деген жақсы сөз бар. Кент тұрғындары өз пайдалары үшін жұмыс істеуге әбден төселген шығар?
- Боралдай кентінің экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі де - кәсіпкерлік. Кент бойынша жалпы 9750 кәсіпкер тіркелген. Ал, оның ішінде шаруашылығын жүргізіп отырған субъектілер саны 1047 шаруашылық жүргізуші нысаны бар. Өз ісімен айналысатын жеке кәсіпкерлердің саны - 1040 адам. 1 шаруа қожалығы, 65 сауда нысаны, 3 базар, 70 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету , 35 қоғамдық тамақтандыру орны жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Кәсіпкерлікті - ұлттық экономиканың жетекші күші" деп танып, оны жан-жақты қолдау шараларын қарастырды. "Бизнестің жол картасы - 2020", «Индустриалды-инновациялық бағдарлама», «Өнімділік - 2020» сынды бағдарламалар кәсіпкерліктің дамуына үлкен септігін тигізуде.
- Құрылыста қандай жетістіктер бар?
- 2015 жылы жүргізіліп жатқан ең үлкен құрылыс ретінде жаңақұрылыс ықшам ауданындағы салынып жатқан 600-орындық мектепті атасақ болады. Бүгінде мектептің іргетасы құйылып бірінші және екінші қабаттары салынуда. Бұл жобаның аяқталу мерзімі 2016 жылға жоспарлануда.
Ал, кенттегі жөндеу жұмыстары бойынша ең күрделі жөндеу жұмыстары №17 орта мектеп мекемесіне жүргізілді. Бас жобалаушы «Нұр-Шапағат» ЖШС. Сондай-ақ, №17 орта мектеп спорт алаңын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Аталған жөндеу жұмысына тендер жаряланғанда оны «Макс-дорстройсервис-21» ЖШС-і жеңіп алып, жұмысты сапалы жасады.
Сонымен қатар, кенттегі көше жолдарының жөндеу жұмыстары бойынша да біршама жұмыстар атқарылуда. Мәселен, көшені асфальттау жұмыстары кенттің Северный, Чайковский, Заречный, Восточный, Бурундайская, "Водник" ықшам ауданында жалпы ұзындығы 4 800 метрді құрайтын асфальт жүргізілді.
Ал, күрделі жөндеу жұмыстары кенттің Алатау және Абылайхан көшелеріне жүргізілді, ағымдағы жөндеу жұмыстары кенттің Жұмаділ, Суворов, Луговая, Совхозная, Байжасарова, Гагарина мен Бостанов көшелеріне жүргізілді, шұңқыр бітеу жұмыстары Байсеитов, Шпак, Гагарина, Бостанова, Алатау көшелерінде жүргізіліп жұмыстар толығымен аяқталды.
Жоғары да аталған жөндеу жұмыстарын «Максдорстройсервис-21» ЖШС мекемесі атқарды.
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары бойынша жұмыстарды ЖШС «TS-Almaty» мекемесі орындайды. Бүгінгі күні кенттің «Водник-2», «Водник-3» ықшам аудандары, Әзербаев, Шпак, Черемушка, Гагарина, Первомайская, Московский тұйығы, Бостанов, Космонавтов көшелері көше жарығымен жарықтануда. Жалпы аталған көшелер бойынша жарық бағаналарының саны 360. Барлық жарық бағаналары сырланып, жөнге келтірілген. Осы тоқсанның аяғына дейін қосымша 59 көше шамдары іске қосылады.
2015 жылы кенттің Первомайская және Шпак көшелеріндегі жарық бағаналары қайта қалпына келтірілді, ал Бостанов, Алатау көшелеріне жарық жүйелерін орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар Абылай хан көшесінде бағаналар іске қосылды. №15 орта мектеп маңына әкімшілік күшімен екі баған орнатылып іске қосылды. Бүгінгі таңда тұрғындар сұрауы бойынша кент аумағындағы көшелерге жол белгілерін қою жұмыстары жүргізілуде. Балаларды жол апатынан сақтау мақсатында кент аумағындағы мектеп маңайына әкімшілік күшімен жаяу жүргінші жолақтары салынды.
- Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру ең маңызды мәселе...
Халықты әлеуметтік қорғау бағытында қандай шаралар жүзеге асырылды?
- Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы белгіленген іс-шараларды орындау мақсатында, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар қабылдануда. Сондай бағдарламалардың бірі "Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасы бүгінде кентке үлкен септігін тигізуде. Аталған бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылатыны белгілі, кентте бірінші бағыт бойынша: яғни, инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 1 инфрақұрылымдық жоба қарастырылып, 8 азамат жұмыспен қамтылуы жоспарлануда, екінші бағыт бойынша, яғни кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту жөнінде 1 азамат кәсіпкерлік негізге тегін оқытылуға және 5 азаматқа микрокредит беру жоспарланып отыр. Ал бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, яғни жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге сәйкес кентте 13 азаматты жастар тәжірибесінен өткізу жоспарланып отыр, ал бүгінгі күні 5 азамат аталған тәжірибеден өтіп, оның ішінде 2 азамат жұмыспен қамтылды.
Жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетуге Боралдай кентінің кәсіпкерлері де өз үлестерін қосуда. Мәселен, ЖШС «Айсұлтан», ЖШС «Русстрой сервис», ЖК «Каражанов», ЖШС «Кока-Кола Алматы Боттлерс» сынды кәсіпкерлердің қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы отбасыларға ақшалай және материалдық көмектер көрсетілді.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Елбасы ұсынған елімізді өркендету бағыттарының бірі білім саласының қызметкерлері, біздер үшін өте маңызды болып табылады. Жолдау білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді.
Боралдай кентінде 4 орта білім беретін №15, №17, №23 және №39 мектеп гимназиясы, 1 көпсалалы үздіксіз білім беру колледжі қызмет көрсетеді. Осы мектептерде оқитын жалпы бала саны – 5548 оқушыларға 409 мұғалім білім береді.
Барлық мектептер электрмен, жылумен, ауызсумен, медициналық кабинетпен, асханалармен, компьютерлік сыныптармен қамтамсыз етілген.
- «Денсаулық - зор байлық» демекші, тұрғындардың денсаулығын қорғау қаншалықты деңгейде?
- 2014 жылғы 17 қаңтардағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық - алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту" екендігін атап өтті. Қашанда халық денсаулығы мемлекет байлығы екендігін жақсы түсінетін Ел Президент медицина саласының қазақстандықтар үшін тегін әрі қолжетімді болуының жолдарын қарастырып, жеңілдіктер жасауда.
Бүгінде кентте екі емхана қызмет көрсетеді, мемлекеттік қазыналық комуналдық мекеме - «Боралдай кенттік №2 аудандық ауруханасы» және «Дәулет центр» жекеменшік мекемесі қызмет көрсетеді. Ауруханалардың материалдық және техникалық жағдайы қанағаттанарлық.
Жалпы кент бойынша тегін медициналық қызмет көрсету үшін 188 мед. қызметкерлер қызмет көрсетеді. Уақытылы жедел жәрдем көрсету мақсатында 2 жаңа «Реанимобиль» жұмыс істейді.
- Мәдениет пен спорттың да маңызы зор емес пе? №39 гимназия мектепте Мәдениет үйі жұмысын жүргізуде. Бұл Мәдениет үйінің жетекшісі Курмангалиева Гүлмира. Мәдениет үйіне қатысатын балалар аудандық, облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Сонымен қатар, кентте «Асем-ай» жасөспірімдер клубы жұмысын жүргізеді. Бұл клубтың жетекшісі Күлбану Мұратқызы. Кенттегі балалар үшін тігін және тоқыма, фортепиано, домбыра, гитара, баян үйрететін үйірмелері жұмыс жасайды. Боралдай кентіндегі барлық мерекелік іс-шараларға клуб жеткіншектері өз үлестерін қосуда.
Қазіргі таңда Боралдай кентінде 6 тегін үйірме бар. Олар: жеңіл атлетика, ауыр атлетика, баскетбол, волейбол, шахмат және күрес. Боралдай кенті бойынша 1 стадион оның кезекті жөндеуі 2014 жылы өтті, 5 спорттық алаңдар бар. Тұрғындарға арналған 3 спорттық жаттығу залдары бар. Оқушылардың спортқа деген ынталарын күшейту мақсатында спорт бұрыштары ұйымдастырылып отырады. Мемлекеттік мереке күндері міндетті түрде спорттың түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, кент жастары белсене қатысады.
Жасөспірімдер, жастар және ересектердің бос уақытын тиімді пайдалануға дағдыландыру үшін және спорт деңгейін күшейту үшін спорттық шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Кентте 18 адамнан құрылған "Баха" футбол командасы бар. Аталған команда кенттімізге аудандық, қалалық деңгейде үлкен жеңістер әкелуде.
Жалпы алғанда көп ұлт өкілдері тұратын Боралдай кентік округінің халқы тату-тәтті. Ұйымшылдықтары мықты. Әр ұлт өкілі өз мәдениетін, салт-дәстүрін берік сақтайды. Сонымен қатар басқа ұлт өкілдерінің әдет-ғұрпына құрметпен қарайды. Бірлік жарасса, тірліктің де алға озары сөзсіз. Мұны боралдайлықтар жақсы түсінеді.
|