Басты  - ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАС
 

 
 
 
ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАС 08.10.2015
Алматы облысының Іле ауданының аумағында 2015 жылдың 17-21 қыркүйек айының аралығында «Түнгі қаладағы балалар» облыстық жедел алдын-алу шаралары жоспарланған. Осы шара аумағында жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа тарту, жасөспірім арасында әкімшілік құқық бұзушылықты жасау, жасөспірімдерге темекі және алкогольді спирттік өнімдерін сату, алкогольдік өнімдерін ішетін жасөспірімдерді анықтау, ойын-сауық мекемелеріне баратын жасөспірімдерді анықтау, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден сырт жерде жүрген жасөспірімдерді анықтау. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында суық және оттық қаруды сақтау фактілерін анықтау және жасөспірімдерді қылмыстық топтарға қауымдастықтарға қатыстыру, есірткі және қару жарақаты заңсыз айналымына байланысты топтарға қатыстыру сияқты бағытталған жедел іздестіру шараларын өткізу ұйымдастырылады.
Осы іс-шараға прокуратура, білім және денсаулық сақтау және «Нұр Отан» партиясының жастар қанатының өкілдерін қатыстыру көзделген.