Басты  - ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
 

 
 
 
САЯТШЫЛЫҚ - ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР 06.05.2016


Саятшылық. Қазақ халқының тағы бір ғажайып өнерінің бірі - осы саятшылық, яғни құс салу арқылы аңшылық құру. Саятшылық - халқымыздың тірі табиғат пен өлі табиғаттың тыныс-тіршілігін, құпия сырын терең меңгергендігінің айғағы. Сөйтіп, саятшылық - халықтың мұрат тұтқан арманы, әрі өнері болып саналған. Құстың тілін білетін және оның мінез-құлқын, жан-дүниесін, қасиеті мен табиғатын білетін адамдар бұрын көп болған. Олар қазір де бар, бірақ сирек кездеседі.
Халқымыздың осынау 300 мың жылдық тарихы бар саятшылық өнерін қазіргі жас ұрпақ біле бермейді. Осынау кенжелеп бара жатқан ұлттық дәстүрімізді насихаттап, бүгінгі ұрпаққа киелі құс - қыран бүркіт жайында кеңінен мағлұмат беру мақсатында №9 орта мектепте «Саятшылық - ұлттық дәстүр» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, «Нұра» ауылындағы республикалық «Жеті қазына» мұражайының мүшесі, саятшы, құсбегі Алдаберген Шалипов өзінің «Дауыл» атты қыранымен келді. Кездесу барысында құсбегі халқымыздың саятшылық өнері, оның қыр-сыры, киелі құс - бүркітті күтіп-баптаудың әдіс-тәсілдеріне тоқтала отырып, әсерлі әңгіме айтты. Мектеп оқушылар мен ұстаздар қауымы кездесуден зор әсер алғандықтарын айтып, ризашылығын білдірді. Оқушылар құсбегіге өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, саятшылық өнері, киелі құс қыран бүркіт жайлы кең мағлұмат алды. Кездесу барысында 4 «Ә» сынып оқушылары өздері дайындаған әдеби-музыкалық монтажы мен мектеп өнерпаздарының концертіне ұласты. Мектеп директоры Г.К.Нурмуханбетов қорытынды сөз сөйлеп, құсбегі Алдаберген ағаға ұлттық дәстүр бойынша шапан жауып, ризашылығын білдірді. Кездесудің берері мол, әсерлі болды.