Қазақстан ақылды-Үкімет тұжырымдамасын қарастырады
 
  Қазақстан smart-Үкімет құруды қолға алатын болады. Бұл туралы бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Global e-Government Forum-2014 форумы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«Электронды үкімет және оның келесі буыны «ақылды» үкімет тұжырымдасы болып табылады. Біз smart-индустрия құрумен қатар «ақылды Үкімет» стратегиясын да қарастырудамыз. Бұл тұжырымдамалардың жүзеге асырылу және синергиясы азаматтар үшін өмірдің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады», - деді Ә.Исекешев.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта құрылған электронды үкімет құрылымы қазақстандықтарға электронды үкімет порталы арқылы 570 қызмет пен сервисті алуға мүмкіндік береді.
«Орташа есеппен алғанда жыл сайын электронды үкімет жүйесі арқылы шамамен 40 млн. электронды қызмет көрсетіледі. Меніңше, 17 млн. халқы бар еліміз үшін бұл тамаша көрсеткіш. 2013 жылы әлеуметтік маңызы бар қызметтер ҚР электронды үкіметінің порталы арқылы электронды форматта 100 пайыз көрсетілді», - деді министр.