БАСТЫ > 

 
 
 
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ 08.09.2016


          Апта ортасында Өтеген батыр кентіндегі М. Мақатаев атындағы №13 орта мектепке барушы оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Жаңа оқу жылын асыға күтіп жүрген балалар жаңа заттарын көріп, қуанып мәре-сәре болды. Риясыз көңілдерінің көтерілгенін көріп біз де қуанып қалдық.
Аудан көлемінде жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Республика деңгейінде «Мектепке жол» атты акциясы өткізіледі. Осы үрдісті дәстүрлі түрде қолдап келе жатқан М. Мақатаев атындағы орта мектептің директоры Ғ. Нәдірбекова бұл акциядан қалыс қалмай, тамыз айы басталғалы қызу дайындыққа кіріскен болатын. Аталмыш акцияның мақсаты – балалардың 1-қыркүйек күні жаң мектепке қажетті құрал-жабдықтарды алып баруына аз да болса көмек көрсету. Бастысы- балаларға мейірім мен қуаныш сыйлау.
Бұл үрдістің бастауына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Бүгінгі таңдағы ауыртпашылықтар - біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес, барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-аухатын жақсарту аса маңызды міндет болып қала береді. Сондықтан қазақстандықтарды аталған іс-шараларды жүзеге асыруға, еңбексүйгіштікке және қайсарлық танытуға, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге және қамқорлық көретуге шақырамын» деп баса айтқан болатын. Жоғарыда айтылған жолдаудың аясында қайырымдылық жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді.
Аталмыш орта мектептің ұйымдастыруымен болған қайырымдылық акциясына ауданымыздың бірнеше бөлім басшылары мен кәсіпкерлер, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Олар әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасынын шыққан 30 балаға арналған сый-сияпаттары табыстады.
Ата-аналар тарапынан Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырған М.Мақатаев атындағы орта мектептің ұжымына және көмек қолын ұсынған Энергетик ауылдық округінің әкімі Н. Көкімге, «Іле аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы М. Егембердиеваға, «Қазақтелеком» орталығының директоры И. Захиевке, ТОО СПЕ HTL Даму орындаушы директоры М. Шамаковқа, АОФ АО «Forte Bank» директоры Е. Абрахмановаға, АО «Ал ЭС» ТЭЦ – 3 директоры Н. Нидентальға, «Алтынай» мейрамханасының басшысы Г. Қылышбаеваға, «Сымбат» тіс емдеу орталағының басшысы Г. Бекпауоваға алғыс айтылды.