БАСТЫ > 

 
 
Күрті ауылдық округіне қарасты Ақши ауылдық кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам» бағдарламасы негізінде «Бес реформа – бес белес: Ұлт жоспары – жастар көзімен» атты тақырыпта өткен талдау шарасы 12.02.2018

                      

 

Ақши ауылдық кітапханасында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бес реформа – бес белес: Ұлт жоспары – жастар көзімен» атты талдау  өтті. Аталған шараға округ әкімінің орынбасары М.Жұмамұратов, кітапхана оқырмандары, округ ардагерлер кеңесінің, әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі кеңестің мүшелері, жеке кәсіпкерлер мен жеке шаруа қожалық иелері, «Күрті» БПҰ-ның мүшелері, ауыл жастары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, барлығы 45 адам қатысты.

Бүгінде мемлекеттің басты мақ­саты – әлемдегі бәсекеге қабі­летті 30 елдің қатарына ену.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам» бағдарламасы - елді, халықты ортақ жауапкершілікке жүктеп, ұлы істерге бастайтын, елімізді дамудың жаңа сатысына шығатын ұлы  белес.

Қатысушылармен Елбасының « Ұлт  Жоспары -  100 нақты қадам» бағдарламасын  насихаттай отырып, аталмыш нақты қадамның мән-мағынасын  жастарға дұрыс ұғындыру және оны бірлесе жүзеге асыруға шақыру мақсатында «Бес реформа – бес белес: Ұлт жоспары – жастар көзімен» атты тақырып аясында талдау жасалынды.

Шараға  қатысқан жастар ұлттық жоспарда белгіленген қадамдардың тарихи маңыздылығына, келешегі зор екендігіне ерекше назар аудара  отырып, келешекте еліміздің  болашағын  өркендету  жолында қандай   істерді  қолға  алатындықтары  туралы ойларын ортаға салды. Күрті ауылдық округі әкімінің орынбасары М. Жұмамұратов Елбасының «Ұлт  Жоспары -  100 нақты қадам» бағдарламасын  іс жүзінде асырудың нақты жолдарына тоқталды.

Кітапхана меңгерушісі Ж. Мұңайтбасова шараға қатысушыларды ««Нұрлы  жол» - ел  дамуының  даңғылы» атты  кітап  көрмесімен  таныстыра келе Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеологиялық бағытын түсіндіріп, жастарды рухы мықты адам болуға, туған жерін сүюге шақырды.