9.04.2015 ж "Іле ауданының жастары" орталығының ұйымдастыруымен №13 М.Макатаев атындағы орта мектептің спорт залында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен жүйелі айналысуына ықпал ету, жат-мінез құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай жастар арасында баскетболдан жарыс өтті. Жарысқа әр округтан келген командалар қатысты.Жарыста жеңіске жеткен Өтеген батыр командасы 2015жылдың 13 сәуір күні Талдықорған қаласы, "Жастар" спорт сарайында өтетін "Неформат" атты баскетбол жарысына жолдама алды.

|