Чапаев ауылдық округінде 2016 жылдың 1 желтоқсан күні сағат 10.00-де Мәдениет үйінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Елбасы-мемлекеттің, тәуелсіздіктің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты жиынды құттықтау сөзбен округ әкімі Б.Жумабаев ашып, жиынға қатысушыларды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында егемендігімізді алғаннан бергі мезгілде Республикамызда болып жатқан оң өзгерістерге тоқталып, жиналған жұртшылықты 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық тіледі. Сондай-ақ құттықтау сөзді Ардегерлер кеңесінің төрайымы Ж.Өгізбаева, Әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Атамкулова және Амбулатория меңгерушісі Н.Омашев жалғастырып, барша жиылған қауымды мерекелерімен құттықтады. Салтанатты жиында округ әкімі Б.Жумабаевтың ұсынысымен Елбасы туралы бейнеролик көрсетілді.
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай округімізідің саяси, мәдени әлеуметтік саласының дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар ауыл азаматтарын және әртүрлі сала қызметкерлерін округ әкімі Б.Жумабаевтың алғыс хаттарымен марапаттады.
Мерекенің салтанатты бөлімі округ көркемөнерпаздарының, «Ұлағат» әжелер ансамблінің, ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концертіне ұласып, сахнадағы мерекелік от шашумен аяқталды.



|