«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған «Кедергісіз келешек» жобасының аясында ауданымыздағы жаңадан бой көтеріп жатқан орта мектептердің пандусын тексеріп шықты.
Мамандар негізінен, аталған білім ұяларындағы пандус пен есіктердің талапқа сай келетіндігіне назар аударды.
Шара барысында топ мүшесі аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі
Г. Әбдіханиева:
– Партияның «Кедергісіз келешек» жобасының мақсаты – мүгедек жандардың қоғамда шет қақпай, лайықты дәрежеде өз орнын алуына жәрдемдеседі. Мектептер негізінен жаңадан салынғандықтан елеулі кемшілік жоқ. Барлығы талапқа сай, - деді.
Ауданда салынып жатқан судай жаңа ұзын саны 9 орта мектептің құрылысшылары нысанды салу кезінде тиісті ережені сақтап, орындауға тырысқан. Мамандар да өз міндетін біліп тұр. Нұротандықтар осындай қадам арқылы қоғамның барлық мүшелерінің мүддесін көздеп отыр. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарды қамқорлықтан тыс қалдырмай, өмірге деген құлшынысын арттырып, септесіп отыр.
|