Тіл - үш-ақ әріптен тұратын сөз, бірақ қандай көп мағына білдіреді. Біздің тіліміз өте әдемі, әрі өте бай тіл. Мен қазақ болғаныма, қазақ тілімді жетік білгеніме мақтанамын. Әр «қазақ» деп соққан жүрек, әр адам осылай ойлайды деп ойлаймын. Кейде көшеде өз қазақтарымызың бір-бірімен орыс тілінде сөйлеп бара жатқанын көргенде жаның ауырады. Осындай адамдарға қарап ішім ашиды. Егер өзіміз өз тілімізді қастерлеп қадірлемесек, басқа ұлттан не күтеміз. Әрине басқа ұлттардың тілін білген өте дұрыс, бірақ өз тіліңді ұмыту деген сөз емес. Егер біз барлығымыз тек қазақ тілінде сөйлеп, өз тілімізді қадірлей білсек, басқа ұлттар біздің тілімізге қызыға қарар еді. Ертең басқа ұлттар бізге қазақ тілінде сөйлер еді. Шынымды айтсам неге біз орыстарға орысша, ал шет ел ұлттарына ағылшынша сөйлейміз. Соны бір сәт болса да ойладыңыздар ма? Себебі олар тек өз тілінде сөйлейді, өз тілін қастерлеп, құрметтейді. Олар басқа тілді білмегенінде емес мәселе. Сол үшін ең бірінші өзімізден бастау керекпіз деп ойлаймын.
ХХ ғасырдың ұлы жемісі - қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде - ұлт та жоқ. Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді.
Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.
Ана тілі - ең басты байлығымыз. Тіл - қай елде болса да қастерлі, құдыретті екенін білеміз. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Тіл - ұлттың жаны деп ойлаймын.
|