Басты  - ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ ЭЛЕМЕНТІ
 

 
 
 
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ ЭЛЕМЕНТІ
03.07.2015

Бүгінгі өткізіп отырған іс-шарамыздың еліміздің бас қаласы Астананың туған күні мерекесі қарсаңында өтіп отырғандығын жақсылықтың белгісі деп білемін. Жас Елордамыздың көз сүріндірер, келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Бүгінгі таңда елдің төрі - Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Осынау маңызы бар мереке қарсаңында бүкіл жетісулықтардың жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі төңірегінде пікір таластырып, тың ой айту үшін ауданымызға жиналғандығы әрине, бізді қуантады. Өйткені, бізде бұл мәселе бойынша атқарылған ауқымды істер, жинақталған тәжірибе аз емес.
Билікпен халық арасын қосу мәселесі сонау тәуелсіздіктен бері талқыланып келе жатқан ең өзекті тақырыпқа айналды. Қаншама ұсыныстар мен өзгертулер енді. Енді міне, кешегі Елбасымыздың бес иститутционалды реформасында біз жауыр болған тақырыптың бір байламын тапқан сияқтымыз. Біздің ауданда міне, үш жылдың жүзінде осы бір үрдіс тоқтамастан жүргізіліп келеді. Әрине, оның жемісін де көрдік. Нәтижесі көңіл қуантады. Округтерде салынып жатқан әлеуметтік нысандарды қадағалау жұмыстарына қоғамдық Кеңес мүшелері өздерінің аса жанашырлығымен және жұмысқа деген тиянақтылығымен үлкен көмек көрсетті.
Қоғамдық Кеңестің араласуымен қоғамдық қатынастар толығымен өзгеріп, біздің тұрмыс-тіршілігімізге өң кіріп келеді. Әр мерекеде өтілетін іс-шаралардағы үйлесіп жатқан істеріміз осы бір жұдырықтай жұмылған адамдардың араласуында болып тұр.
Біз әлі де болса да алған қарқынымызды бәсеңдетпей одан әрмен үдетіп, ауданымыздың болашағын азаматтық қоғаммен бірге құраймыз деген нық сеніміміз бар. Жергілікті өзін-өзі дамыту бағытындағы бірлескен жұмыстар нәтижесі болашақта кез-келген заманауи демократияның басты әрі өзекті элементі болып табылатынына үміт артамын.
Құрметті конференцияға қатысушылар мен аудан тұрғындары! Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын. Астанамыздың мәртебесі күннен-күнге асқақтай берсін! Елін алға бастаған Елбасымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Қ.МЕДЕУОВ,
Іле ауданының әкімі
.