БАСТЫ > 

 
 
БІЗДІҢ БАҒЫНДЫРАР БИІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ 28.08.2017

 

«Әр елдің өзі шығар биігі бар» – демекші, Сарыарқа төсіндегі Ұла дала елі дамудың барлық кезеңін бастан өткерді. Енді рухани жаңғыруға да баса назар аударып, болашаққа бағдар жасауда. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы елімізді дамудың жаңа дүрбелеңіне бастады.

Осы даңғыл жолда жаһандану дәуірі ауламызда тұрғанда тек өзімізге ғана тән ұлттық кодымыздың болуы да сол заманымыздың қазаны қайнап жатқан қоғамымыздың талабы. Яғни, дамудың жаңа кезеңінде алдымен ұлттық болмысымыз бен құндылығымыздың, тарихымыз бен мәдениетіміздің сақталуы қажеттілік. Рухани жаңғыру тұсында мақаладағы «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түседі. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, халық олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. Әсіресе жаңа буын өкілдері. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі. Сондықтан, қазір ғалымдардың алдына зерттеу-зерделеу тұрғысында үлкен мақсат-міндеттер қойылып отыр. Ғалымдар ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы және «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін еліміздің түкпір-түкпірінде талқылауда. Елбасымыздың мақаласына көзделген межеге жету үшін бірлесе жұмыс істеу алдағы міндет.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептеуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу», – дейді.

Ұлттық код дегеніміз не? Қазақы қалып, ұлттық мәдениет, салт-дәстүр және ұлттық болмыс. Ұлттық дәстүрдің де озығын алып, тозығын қалдыру. «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды». Адаспау үшін қазаққа қажетті табиғи болмысты сақтай білу. Өркениет көшінен де қалуға болмайды. Көшке ілесе отырып, қанымызда бар қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Оның ішінде қолөнеріміз, әрқашанда қолұшын беретін жомарттық қасиетіміз, тіл үйірер тағамдарымыз да бар.


 

Ұлттық кодымыз қайда? Ұлттық код – ең алдымен тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызда, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетімізде екенін ұмытпайық. Әсіресе ауылдық жерлерде жақсы сақталған әдет ғұрыптарды ескеруіміз қажет.

Биылғы жыл Қазақстан халқы үшін жаңа дәуірдің бастауы ретінде жарқын көрініс беріп отыр. Қазақ елінің келешекке бағдарланған стратегиялық мақсаты – әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына ену. Биыл жарияланған Мемлекет басшысының Жолдауында осы мақсатқа қарай табандылықпен жетудің басым бағыттары айқындалған. Қоғам өмірінде болып жатқан бүгінгі өзгерістер еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа үлгісі іспетті. Қазақстан Президенті осының барлығын тереңінен, байыппен, байсалдылықпен сараптап, оған қоғамның қаншалықты дайын екендігін ескеріп отырғандығы тағы бір мәрте байқалды.

Ұлт көшбасшысы қоғамды еліміздің барша азаматтарын мемлекет дамуына белсене атсалысуға шақырып отыр. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты шақыруы осыны меңзейді.

Жер – біздің атамекеніміз. Сондықтан да ел тарихына барар жолда оның түп тамырына айналған жеріміздің тарихын да назардан тыс қалдырмағанымыз жөн сияқты.

Іле ауданы географиялық жағынан қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондағы дала және шөлейт зоналары ауданның табиғаттың фаунасы мен флорасын құрайды. Алатау сілемдерінің етегінен басталған аудан шекарасы Іле өзенінің бойындағы аңғарлары мен Балқашқа дейінгі шөлейтті қамтиды.

Климаты – континенттік. Жаз ыстық, қысы суық. Егіншілік, бау-бақшалық, мал өсіру, өнеркәсіптік кешендердің дамуы, миграцияның жоғарылығы – Іле ауданына тән. Себебі, аудан Қазақстандағы ең ірі қаржы ағысы орталығы – Алматы қаласымен шектесіп жатыр.

Іле – тарихи аймақ. Солтүстік аймақтағы күре тамыр жолдар бойына ірі, ежелгі Ақкөпір, Арқабай, Күнту, Байсерке, Жетіген, Қоянқұс сияқты елді мекендер орналасқан. Аймақ ұлы Жібек жолының бойында жатыр. Өңірдің тағы бір ерекшелігі – минералды, ыстық бұлақтардың молдығы.

Аймақ бізге дейінгі І-ғасырларда ежелгі Үйсін мемлекетінің атақонысы ретінде тарихта қалған. Қытай тарихшысы Бань-Гу мен Сыма-Цяньның «Ханнамасы» мен «Жылнамасындағы» «Үйсін мемлекетінің жері... ұлан-байтақ, кең әрі жазық. Балқаш көлінің шығысы мен түстігі, Шүлен тауының аралығы. Халқы қайсар, батыр келетін, ең күшті мемлекет. Шығысы хұндармен, батысы, солтүстігі Қаңлымен, шығысы Ферғанамен, оңтүстігі қалалық мемлекеттермен (Сыр бойындағы) шектеседі. Бұл жер – сақтардың қонысы еді», – деп жазылған.

Деректер бойынша тарихи дамуынан түсінік алғымыз келсе, төмендегі мәліметке назар аудару керек. Аймақ территориясында өмір сүрген көне және ортағасырлық мемлекеттер сақтары – біздің заманымызға дейінгі VІІ-І ғасырлар (Тирагауд), Үйсін мемлекеті – б.з.д. І-ғасырдан біздің заманымыздың V ғасырына дейін, Түркі қағанаты – б.з.д. VІ ғасырында, Батыс Түркі қағанаты б.з.д. VІ-VІІ ғасыр, Түркеш қағанаты б.з.д. VІІІ ғ., Қарлұқ қағанаты б.з.д.VІІІ-ІХ, Қарахан мемлекеті ІХ-Х ғасырлар шамасында өмір сүрді, Іле өңірінде Қойлық, Ектогіз қалалары гүлденді, егіншілік дамыды.

«Үлкен, Кіші Алматы өзендері бойында суғару жүйелері салынды», – деп жазған А.Н. Бернштам «Ерте заманғы мәдениет ізімен» кітабында.

Жетісуға өркениет әкелген Ұлы Жібек жолының бір бұтағы Іле жолы Талхирден (Талғардан) Есік, Шелек, Кеген арқылы Ыстықкөл мен Қашқарияға, Сүмбе арқылы Шонжы, Қытайға екі айрылатын. Осы жол бойында, яғни, Іле аймағында археологиялық зерттеулер бойынша Х-ХІ ғасырда 56 қала өмір сүрген. ХІ-ХІІ ғасырда аймақ Дешті Қыпшақ құрамында болды. ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде Жебе ноян Жетісу қалаларымен қоса, Іле алқабындағы елді-мекендерді де қиратты. Алтын Орда ыдыраған соң бұл аймақта Монғолстан ірге көтеріп, ХV ғасырда қазақ хандығына кірді.

Іле өңірі Ұлы жүз тайпаларының мекені ретінде, 1867-68 жылдардағы Ресей патшасының отарлық реформаларынан соң Түркістан әскери губернаторлығына, кейін Жетісу губерниясына кірді. Покровка, Николаевка, Дмитриевка, Заречный, Междуреченск, тағы басқа елді мекен атауларының отаршылдық сипаты орыс атаулары болуының себебі осы. Егемендік алған соң Іле ауданындағы бұл елді мекендер атауы Өтеген батыр, Жетіген, Байсерке болып өзгертілді. Покровка атауы байырғы Ақкөпір атауын әлі иеленген жоқ.

Қазақстан Республикасының екі жүзден астам аудандарының іргелісі – Іле ауданы. Бұл жерлерді кезінде жаудан Наурызбай, Райымбек, Қарасай, Сұраншы, Саурық, Өтеген, Ханкелді, Әлмерек, Бақай, Малайсары... тағы басқа да батырлар қорғаған. Н.Тілендиев әнімен тербелген, Ұлы Шоқан соны соқпақтармен Қашқарияға сапар шеккен, ұлы қайраткер Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа тұғыр болған, Жамбыл мен Сүйінбай қырларын дүбірлетіп өтіп, қанаттаса ерлік жырын төккен киелі мекен – Іле аумағы осындай.

Іле ауданы Алматы облысының орталық бөлігіне орналасқан. Солтүстік шығысында Балқаш ауданымен, Батысында Қарасай және Жамбыл аудандарымен. Оңтүстік шығысында Алматы қаласының жерлерімен, шығысында Талғар ауданымен шекаралас жатыр. Аудан негізінен алғанда 1928 жылы құрылып, Талғар ауданына қарасты болған. Ал 1970 жылы Талғар ауданының құрамынан бөлініп шығып, өз алдына жеке отау құрды. Ауданның территориясы 7,8 мың шаршы метрді алып жатыр. Ауданда 11 селолық және 2 кенттік округ бар.

 

БІЗДІҢ БАҒЫНДЫРАР БИІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

Елбасы Н.Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – халықтың жаң заманға деген көзқарасының өзгертілуі. Барлық салалар бойынша цифрлық индустрияны дамыту мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуге тапсырма бергенін жақсы білеміз. Уақыт бір орнында тұрмайды. Бұрын бір нәрсе іздеу үшін, бүкіл мұрағат пен кітапхананы ақтарып жатып, тауып алатынбыз. Қазір интернетке жазсаң, бүкіл ақпарат шыға келеді. Осы орайда пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында, аудан көлемінде «ХХІ ғасыр талабы – цифрлы Қазақстан» деген тақырыпта мемлекеттік мекемелерде ақпарат сағаттары жиі өтіп тұрады. Онда әр сала өзінің ақпараттарын жаңаша өңдеу, халыққа ғаламтор арқылы және жеке веб-сайттарында өңдеп таратып отырады.

Мәселен, аудандық кітапхана өздерінің жұмыстарын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында КАБИС бағдарламасы бойынша негізгі қордағы әдебиеттерді енгізу, штрих кодтау жұмысы жүргізіліп, «Мақала» модулі бойынша толық тексті мәліметтер қоры және  «Оқырман» модулі бойынша оқырмандарды тіркеуге алып отырады. Қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайту мақсатында жергілікті ақындарымыз Биғайша Медеу, Нүсіпбек Исахметов, Төрткен Кененқызы, Рахман Жарықбаевтың кітаптары енгізілді. Бұл кітаптардың ішінде Рахман Жарықбаевтың еңбектері көш бастап тұр. Осы айтылған ақпаратты www.kazneb.kz  сайтына орнатты.

Біздің алдағы мақсаттарымыздың бірі «Ұлы Дала елінің болашағына арналған бағдаршам» киелі Іле жері дара туған дарындылар мен ақын шайырлардың еңбектерін елге жариялау.

Мәні зор мақаладағы «Туған жер» бағдар-ламасының бірінші бағытына байланысты, ауыл зиялыларының қатысуымен «Ұлы Дала елінің болашағына арналған бағдаршам» атты тақырыпта жиындар өткізіліп тұрады. Оған ауданымыздың 10 ауылдық округіндегі ауылдық ақсақалдар кеңесі, жергілікті қоғамдық қауымдастық мүшелері, әйелдер кеңесі және ауыл тұрғындары қатысады. Өздерінің пікірлерін білдіріп терең талқыға салады.

«Туған жерге туыңды тік!» – деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек. «Туған жер» бағдарламасы жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру.

Өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер жайлы естеліктер айтылды. Олар жайында өскелең ұрпақтың біліп, танып, зерделеп зерттеулері керек.

Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Сонау тарихта мүйізді Өтеген атанған Өтеген Өтеғұлұлы, әулие абыз Белағаш Аққұлынан мен абыз Әлмерек бабадан бастап қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушы-лардың бірі Тоқаш Бокин, дарынды режиссер Асқар Тоқпанов, күйдің көк сеңгірі Нұрғиса, актер Әнуар Молдабеков, актриса Торғын Тасыбекова, «Гүлдер» ансамблі мен қазақ циркінің негізін қалаған Гүлжихан Ғалиева, жергілікті ақындарымыз Кеңес Алпысбаев, Исахмет Нүсіпбеков, композитор Әлібек Нұрғожаевқа дейін ел есінде. Асылдың сынығы Төрткен Кененқызының ұрпақ тәрбиелеудегі әкесі дала композиторы Кенен атамыздың еңбектерін дәріптеудегі жолын жаңару мен рухани жаңғыру ғой. Алғашқыларына кесене соғылса, кейінгі ел зиялыларына кітаптар шығарылды. Келесі кезекте атақты «Қыз Жібек» киносы түсірілген «Тас қотан» шатқалында, 1967 жылы қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың қолдауымен салынған, биыл 50 жылдық тарихы бар Күрті су қоймасы, ұлт азаттық көтерілісте солақай саясаттың құрбаны болған «1933-37 жылдарындағы қуғын-сүргін құрбандарына» арналған КазЦИК ауылдық округіне қарасты «Қандысай» ескерткіштерін халық абаттандырып,  ардақтап тұрады

Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Бұл рухани жаңғырудың таңы бір моделінің көздейтіні осы.

Ауданымызды, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыруымыз керек. Сонымен қатар жаңа, тың идеяларын іске асыруы тиіс.

Бір сөзбен айтқанда, басқа елдің азаматтары Қазақстанның қандай дәрежедегі ел екендігіне ең алдымен мәдениет, өнер, әдебиет саласындағы жетістіктері арқылы баға беретінін де ескеруіміз керек. Сондықтан мақалада айтылған «Рухани жаңғыру – ұлттық рухтың жаңғыруы» деп, бекер айтылмағандығына тоқталды. Қорыта айтқанда, мәдениет саласына қойып отырылған бағыт бағдарламаны түгелдей қолдап, жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасын басты назарда ұстап алдағы уақытта да мәдени істердің мәдени мәйегі болып жүре береміз деген тілекпен бүгінгі іс-шарамыз өз мәресіне жетті.

«Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының «Бәсекелік қабілет» бағыты ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың қыр-сырын тізбектеп көрсету. Тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын айқындап берді. Осы орайда «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарла-масының «Бәсекелік қабілет»  бағытының мақсаты мен мүддесін жалпы халықа жеткізіп, кең көлемде насихаттау мақсатында арнайы топтар ұйымдастырылған. Олар ұлтымыз үшін аса маңыздылығы, өнегесі өрелі екендігі жайлы пайымды пікірлер мен тұжырымды ойлар ортаға салынды. Келешекте ұлтымыз табысты болуы үшін әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті, сана-сезімі жоғары, білімді, сауатты болуы, ұлттық кодты, мәдениетті сақтап, жаңа заман жетістіктерін бойға сіңіре отырып, жалпы адамзаттық құндылықтармен рухани жаңғырып, мақалада айтылғандарды іс жүзіне асыруға барлығымыз атсалысуымыз қажет.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы «Туған өлке мәдениеті» кіші бағдарламасы аясында «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстана отырып, Қазақстан Респуб-ликасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныта отырып, әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Бүгінгі күнде аудан көлемінде 4 этно бірлестік нәтижелі жұмыс атқаруда. Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген. Мемлекеттің мемлекет болуы – бірлікте. Ал бірлік дегенің – халық салты. Елдігіміздің ел болып, еңсе түзегеннен бергі қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізіп келеді. Оған халық пен талайды өткерген тарихымыз куә. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру мақсатында ұйымдастырылған шарада әр ұлт өкілдері дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністерін көрсетіп, әндерін шырқады. Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны баршамызға мәлім. Бүгінгі шара – Қараой ауылында тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылы-ғымыздың айғағы.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.

Латын әлипбиімен болашаққа жол

Бұл тұрғыда Елбасы таяу жылдардағы міндеттерімізді нақтылап, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауды, «Жаңа әлипбиі мен білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын, жалпыұлттық патриотизмді дәріптейтін «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды, ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін көрсететін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені, халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» дей келе «2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет» деп идеясымен бөлісті.

Алматы облыстық тіл оқыту орталығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Іле аудандық филиалында да 2018 жылғы жоспары бойынша аудан көлеміндегі орта мектептердің ұстаздары және мемлекеттік мекеме қызметкерлерін, жеке тұлғаларды оқыту жұмыстарын бастайтын болады. Қазірдің өзінде бір ай көлемінде тіл оқыту филиалына айына қазақ және ағылшын тілін меңгеруге 60-қа жуық әртүрлі саланың мамандары келеді екен.

Осы орайда, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін әдебиеттерді насихаттау мақсатында  латын әліпбиі бойынша ештеңені өзгертіп керегі жоқ. Қосымша драйверлер керек болмайды. Себебі, барлығы латын қарпінде істелген. Сонымен қатар кітаптарды аударуда да кез келген сайтқа кириллицадағы мәтінді еңгізетін болсаңыз, ол латын әліпбиімен шығарып береді. Отандық ғалымдардың төл туындысы арқылы қазірдің өзінде қиырдағы қазақтар кириллицамен жазылған қазақ әдебиетімен емін-еркін танысып жатқан жайы бар. Президент қазіргі кітаптарды жеделдетіп латынға ауыстыру керектігін айтады мақаласында.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ – заман талабы.

Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде екенін атай отыра, алайда талғам өзгергенімен талап жалғыз екенін, ол – қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру, бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу – қоғамдық мәні үлкен мәселеге айналды.

Мақалада өткен тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп, ой елегінен өткізіліп, рухани даму бағыты айқындалған. Болашақта ұлтымыз табысты болу үшін әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті, сана-сезімі жоғары, білімді, сауатты болуы тиіс. Ұлттық кодты, мәдениетті сақтап, жаңа заман жетістіктерін бойға сіңіре отырып, жалпы адамзаттық құндылықтармен рухани баюымыз қажет.

 

Ұлттық бірегейлігіміз – ұлттық құндылықтар

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы. Елбасымыз: «Ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламын.  Ұлтымыздың құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар – біздің тіршілігіміз және бабалардан қалған асыл мұра екендігін түсіндіру. Мақаладағы жан-жақты тоқталып, ұлы мақсатқа қол жеткізудің, яғни, жаңғырудың басты 6 құрамдас бөлігін жік-жігімен түсіндірме жұмыстары аудан бойынша жүргізіліп жатыр. Олар: «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті жерлері» жобасы және алтыншы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында жастардың мәдени, рухани дамуына іс-шаралар сынды тақырыптарды қызу талқылануда. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті де білімді маман болып, Елбасы ұсынған рухани жаңғыру идеясын жүзеге асырылуына белсене атсалысуымыз қажет.

Елбасы: «Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – дейді.

Әрбір адамзат баласы өзінің туған жерін құрметтемей тұрмайды. Тіпті алыс сапарға шыққанда, адамның туған жерге сағынышы ерекше болады. Осындайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың: «Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім біледі? Ыстық қой, шіркін туған жер!» деген сөзі ойға оралады.

 

Роза АЙДАРБЕКОВА.

Бағдат ЧОЙБАСОВ.