Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ТІЛДІ ЖЕТІК БІЛГЕНДЕР БІЛІМДЕРІН ҰШТАДЫ 24.05.2016
        
  Өткен аптада ауданымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Абай шығармаларының негізінде жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының - 2025 жылға дейіңгі даму тұжырымдамасын және «Этномәдени бірлестіктердің жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасы» іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында өзге ұлттар арасында қазақ тілі бойынша ашық диктант акциясы өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы, Алматы облысы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Достық үйі және аудандық кітапхана.
Ашық диктант мақсаты басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығын арттырып, бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін арттыру. Ашық диктанттың негізгі халыққа берер «азығы» деп Қазақстан халқының топтастырушы факторы ретінде мемлекттік қазақ тілінің рөлін нығайту, халықтың бойына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылығын сіңіру, тілді білу арқылы этностық топтардың қоғамдық белсенділігін арттыру, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін қаншалықты меңгергендерін анықтау және сауатты болудың маңыздылығын арттыру.
Ашық диктантқа қатысушылары этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, студенттер қатысты.
Сонымен игілікті іс-шарада мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Ұ. Жұмаділова және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Д. Жарқынбеков ашық диктанттың мақсат-міндеттерімен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қатысушылар саны - 44, оның 14-і мемлекеттік қызметкерлер жəне азаматтық қызметкерлер, 10-ы студенттер, 19-ы оқушылар. Ашық диктантты «Қоғамдық келісім» РММ бекіткен мәтінді №13 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚР-ның «Құрметті қызметкері» медалінің иегері Тілепова Рабиға Базарбайқызы оқыды. Қорытындысы бойынша қатысушылардың 21-і «үздік», 23-і «жақсы» деген баға алды.
Дәл осы күні Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының нұсқауымен 2014 - 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту мақсатында «Ой-сана» облыстық орыс тілі білгірлерінің байқауын өткізді. Оның мақсаты - орыс тілі мен мәдениетін жақсы білетін дарынды жастарды анықтау және олардың орыс тілін үйренуге деген ынтасын байқау. Онда олар орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 60 тест тапсырмаларына жазбаша және викториналық сұрақ-жауап бөліктеріне жауап берді. Байқаудың қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады. Жеңімпаз облыста болатын республикалық байқауға қатысуға жолдама алады.