Өткен аптада Байсерке ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Қенжеқұловтың ұйымдастыруымен Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының «Тіл мәдениетін жетілдіру» тармағы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған « Ақ бата – асыл мұра» атты бата беру байқауы өтті. Байқау көшпелі тұрмыс тәжірбиесінен туған қазақтың киіз үйінде өткізілді.
Өткізілген іс-шараның мақсаты бата төңірегінде ой қозғау, ел –жұртқа сыйлы, үлгілі-тағылымы ақсақалдардың орайын келтіріп, орамын тауып айтқан бата-тілектерін насихаттай отырып, оны жасы үлкен адамдардың дәстүрлі азаматтық парызы ретінде ұғындыру, «Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер» деген сөз адамды iзгiлiкке, парасаттылыққа, мейiрiмдiлiкке баулитыны, ұлы қасиеттерге бастаушы рухани мұра болып табылатыны, қысылғанда- қуат, қиналғанда-медет беретінін, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашатынын , бәле-жаладан қорғайтындығын барша жұртқа жан-жақты түсіндіру.
Іс-шараға аудандық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Ж.Серьянов, округ әкімі аппаратының қызметкерлері, ақсақалдар, қоғамдық, аналар кеңестерінің төрағалары мен төрайымдары, аудандық мәслихат депутаттары, округ көлеміндегі ақсақалдар қатысты.
Байқау үш кезең бойынша өтілді, қазылар алқасы ақсақалдардың өнерін бағалау кезінде тіл тазалығына, ұлттық киім үлгісіне, дауыс мақамына ерекше назар аударып отырды.
Қортындысында бас жүлдені Ынтымақ ауылынан Фарахат Ділмағанбетов, І орынды Али ауылынан Қазбек Ұзақов, ІІ орынды Қоянқұс ауылынан Тоқтар Артықпаев, ІІІ орынды Жаңадәуір ауылынан Нұрланхан Жақыпов жеңіп алған ақсақалдарымыз округ әкімінің мақтау қағазымен мараппаталды.
Шара сонында округ әкімінің орынбасары Қажиев Асхат Бариұлы байқауға қатысқан ақсақалдарымызға рахметтін айтып, айтқан бата – тілектерін жас ұрпақтар арасында насихаттап, үлгі етіп жүре берулеріне тілек білдірді.
С.Ерекешев, Байсерке ауылдық округінің әкімі
Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің құқықтық реттелуі
Сыбайлас жемқорлық ежелден қоғамдық өмірдің ажырамас атрибуты болып келе жатқаны барлығымызға мәлім. Ол- қандай мемлекет болмасын, оның саяси сипатын төмендетіп, қоғамның халық алдындағы беделін түсіретін қауіпті құбылыс. Тек өзін барынша әділ, демократиялық мемлекет деп санаған кешегі кеңес өкіметі коррупцияны капиталистік елдерге ғана тән деді де, ресми әдебиеттерде солай жазылып,насихат құралдарында солай жазылып, насихат құралдарында солай уағыздалды. Ол туралы шындық жазылмады, халықтан жасырын ұсталды.
Еліміз егемен болып, нарықтық экономика жолына түстік. Қайта құру кезінен басталған көптеген қиыншылықтар артта қалды.
Міне бұл жайлар елімізде бұрын да болған, алайда нарықтық экономикамен күшейе түскен қылмысқа қарсы күресті күн тәртібіне қойды. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заң қабылданды. Оған өмір ұсынған бірнеше өзгерістер де енгізілді. Арнайы мемлекеттік құрылымдар ұйымдастырылды.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысын тұрақты назарда ұстап отыр. Алайда сыбайлас жемқорлықпен күрес Елбасы ойлағандай тиісті нәтиже бермей отыр. Қылмыс азаюдың орнына көбеюде. Мұны тиісті органдардың белгілі бір жұмысының нәтижесі деуге де болады. Дегенмен қылмыстың елеулі өсіп отырғанын байқау қиын емес. Қылмыс жасағандар құрамында нағыз заңдылық үшін күресетін, заңның орындалуын қадағалайтын сот, ішкі істер, әділет органдары қызметкерлерінің, аудандық және ауылдық әкімдердің болғаны өкінішті-ақ.
Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.
|