Басты  - ҚОЛДАН ЖАСАЛАТЫН ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
 

 
 
 
ҚОЛДАН ЖАСАЛАТЫН ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ 10.09.2015
Еліміз бойынша доллар бағамы күрт өсті. Біздің ауданымыздың тұрғындары да бұл мәселеге қатты алаңдады. Күнделікті тұтынатын заттар мен азық-түліктің бағасы шарықтап кете ме?... - деген қорқыныш пайда болды. Күн сайын құбылып, біресе көтеріліп, біресе түскен доллар бағамындағы өзгеріс халықты сан сұраққа жетелеп, мазасын қашырғаны сөзсіз. Біздің ұлттық валютамыз теңге екенін әрқайсымыз ұмытпайық. Алаңдаушылыққа негіз болған дүние доллар бағасының бір күнде аспандап шығуы. Бұл жағдайды теңгенің девальвацияға ұшырауының алғышарты деуге келмейді. Доллардың өсуі, теңгенің құнсыздануы емес. Жалпы, девальвацияға тоқталатын болсақ, девальвация халықаралық қаржы нарығындағы, ұлттық қаржы курсының төмендеуі, қаржы резервінің азаюы, мемлекеттің төлейтін балансы және тез арадағы сауданың төмендеуімен байланысты, ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының заңды дәрежеде төмендеуі, құнсыздануы. Девальвация дегеніміз – ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға қатысты төмендету. Яғни, әлемдік тәжірибеде кез-келген мемлекет төлемдік теңгермесінің тапшылығын қысқарту, жаһандық нарықта тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ішкі өндірісті ынталандыру үшін девальвацияны қолданады. Қалыпты құбылыс десек болады. Доллардың бағамы мұнай бағасына, әлемдік сауда-саттыққа байланысты. Азық-түлік қауіпсіздігі - кез-келген елдің өз халқын сапалы, бағасы сай азық-түлік қорымен қамтамасыз ету қабілетінің көрсеткіші. Сондықтан отандық өнімдер емес, шетелден келетін өнімдер мен тауарлар бағамы қымбаттауы мүмкін. Бірақ отандық өнімдердің бағасы көп қымбаттамауы керек. Және де мұндай жағдайды пайдаланып, бағаны аспандатып жіберетін кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге шаралар қолданылуы керек. Доллар шарықтады деп әр тауарға, азық-түлікке 10, 20, немесе 30 пайыз қосу -бұл барынша құнығу деген сөз. «Дәніккеннен құныққан жаман деп бекер айтылмаса», - керек. Келісеміз, әркім табыс табуға құқылы. Саудагерге саудасын жасауға ешкім қарсы емес. Бұл да жан бағудың, күнкөрістің қамы ғой. Бірақ, бағаны екі-үш есеге қымбаттату арқылы пайда табу қаншалықты қисынды? Үстемелеп қосатын ақшаңды өте қатты көтермелемей тауар ұсынсаңыз да сатылып жатыр ғой. Аз сатып, көп ақша алғысы келетіндер халықтың қалтасын ойламайды. Міне, осындай жағдайлардан кейін елдің наразылығы туындайды. Бағаның тұрақтылығы жалпыға бірдей қызмет көрсететін тұтыну құнымен тең болғанда ғана барымызды бағалай аламыз. Сондықтан «Қанағат қарын тойғызады, қанағатсыздық жалғыздың атын сойғызады» деген сөзді естен шығармайық. Бұл да бір сынақ, бұдан да өтеміз. Ең жақсы күндеріміз әлі алда.