Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЕЛ ІШНДЕ 14.07.2016

   
     Қоғамдық қабылдауға келген қоғамдық кеңес мүшелері жеке кәсіпкерлер, І және ІІ топтағы мүгедек азаматтар елді-мекен арасындағы, көлік жолындағы темір жол өткеліне көпір құрылысы ауданымызға ауадай қажет әкімшілік сот жұмысы туралы, мүгедек жандардың қоғамдық көліктерде тегін не болмаса жеңілдікпен жүруі, есту аппараттарын ауыстыру мерзімін қысқарту туралы көкейінде жүрген сауалдарына түсініктеме алды.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың көңілінен шыққан халық қалаулылары Чапай ауылының Мәдениет үйінде ауданымыздың мәдениет саласында қызмет етіп жүрген мамандарымен кездесіп, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» жолдауына, «Мәңгілік Ел» қағидасына тоқталды.
Аудандық кітапханасы ұйымдастырған Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты кітап және қолөнер көрмесімен танысқан депутаттар көркемөнерпаздар дайындаған театрландырылған көріністі және шағын концертті тамашалап, ауданымыздың атын әлемге танытып жүрген мәдениет қайраткерлеріне алғысын білдірді.
Одан кейін Чапай ауылы «Сарыбұлақ» ЖШС-нің жұмысымен танысып, ғимаратын аралап, «Нұр Отан» партиясының «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасына тоқталып, Елбасының «100 нақты қадам жоспарын орындау» бағдарламасын және Елбасы Жолдауын, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға тұрғындардың бір атаның баласындай атсалысып, ерінбей еңбек етуге шақырды.