Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылуы - экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерінің қатарына қосылудағы мемлекетіміздің болашақта қарқынды дамуының көрсеткіші болып табылады. Елбасының Жолдауын талқылауға байланысты мемлекетіміздін Бас прокуратурасында кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, бас прокурор мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау органдарының алдында Президент қойған стратегиялық міндеттерді айқындады.
А.К. Дауылбаев барлық прокуратура органдарының жеке құрамына Жолдау мәтінін мұқият зерделеп, бағдарланған тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды. Өткен жылы мемлекетіміздегі құқық қорғау қызметін жетілдіру мәселесі бойынша прокуратура органдарының жемісті заңнамалық жұмысы қорытындыланды. Нәтижесінде жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін жасақтау жұмысы аяқталып, олар Парламентке енгізілді. Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мемлекеттік бағдарламалары, құқық қорғау органдарының кадр саясатының тұжырымдамасы, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар басшыларының президенттік резервін қалыптастыру ережесі дайындалып, Елбасымен бекітілді.
Аталған маңызды құжаттарды дайындауда прокуратура басты бастамшы атанды.
Елбасы Жолдауында: «Қазақстан әлемдегі елдердің ішінде адамдардың өмір сүруіне ең қауіпсіз және қолайлысы болуы қажет». Ал, дамыған елдің негізін бейбітшілік пен тұрақтылық, әділетті сот төрелігі мен тиімді құқықтық тәртіп екендігі баса айтылды. Біз әрқашан Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын қолдаймыз. Оның жүзеге асырылуына біркісідей атсалысамыз.
Б.БҮКІРОВ, Іле ауданы прокурорының орынбасары.
С.АЙНАҚҰЛОВА, Іле ауданының көмекші прокуроры.
(Дата размещения: 07.02.2014)