БАСТЫ > 

 
 
СЫНДАРЛЫ САЯСАТТЫҢ САРДАРЫ 04.12.2017

                    

Құрметті Іле ауданы тұрғындары және қонақтары!      

Сіздерді мемлекеттік мереке – 1 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дәл осы күні 1 желтоқсанда Қазақстан республикасының Бірінші Президенті сайланды, мемлекетіміздің дамуы мен өсуіне әсер еткен, Қазақстан Республикасының президенттік институты құрылды.

Елбасымыздың жігері мен орасан зор қуаты қоғам консалидациясы мен азаматтардың жақсы өмір сүруіне бағытталды. Нұрсұлтан Әбішұлының жетекшілігімен іске асырылып жатқан жақсы ойластырылған және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сауатты құрылған жоспарлар мен нақты бағдарламаларын жүзеге асыру, Қазақстан игілігіне жемісін әкеліп жатыр, республикада да, шет елде де бағалануда.

Бірінші Президент күні – бұл тарихи сайлау бірлігінің және Қазақстан халқының бірлігі күні. Елімізде президенттік институт – конституциялық құрылым негізі тұрақтылығының кепілі және мемлекетіміздің құрылуы мен бұдан әрі дамуына әсерін тигізеді деп саналады.

Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық келісімі тұрақталған, қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгерістерге қол жеткізген, әрдайым экономика, ғылым, мәдениет саласында дамып жатқан мемлекет. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында біз әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткіздік. Сіздерді осы тәуелсіз елдің ардақты ұлы Тұңғыш Президентіміздің атаулы күнімен шын жүректен құттықтаймын!!!

 

Қ. МЕДЕУОВ, аудан әкімі,

«Нұр Отан» партиясы аудандық

филиалының төрағасы