БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Ащыбұлақ > М Ә Л І М Е Т

 
 
 

2015 жылдың 9 мамыр Ұлы жеңістің 70 жылдығы мерекесі күні Ащыбұлақ ауылдық округінде өткізілген мерекелік іс-шаралар жайлы
М Ә Л І М Е Т

12.05.2015 ж.
09.05.2015 жылы Ащыбұлақ ауылдық округі М.Туймебаев ауылының орталық спорт алаңында 9-мамыр «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы » мерекесіне арналған іс-шара өтті. Мерекелік іс шара жоспары негізінде
М.Түймебаев ауылының орталық спорт алаңында ауған соғысы ардагерлерінен, № 97617 әскери бөлімнің сарбаздарынан, округ аумағында орналасқан мектептердің жоғары сынып оқушыларынан, дәрігерлік амбулаториялардың қызметкерленрінен құралған әскери киімдегі топтар сап түзеп тұрды. Топ жетекшісі № 29 орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қақпақов Аханбек Елеусизович округ әкіміне рапорт берді.
Мерекелік іс-шара мелекеттік гимнмен ашылып, алғашқы сөз кезегі округ әкімі М.Кәрібаевқа берілді.
Округ әкімінің мерекені ашу салтанатынан кейін соғыста қаза тапқан ардагерлерді еске алып бір минут үнсіздік жарияланды.
Округіміздің құрметті ақсақалдары мен азаматтары халықты құттықтап сөз сөйледі. Атап айтсақ Аудандық мәслихат депутаты Ш.Қағазбаева, Ардагерлер кеңесі төрағасы Ж.Есенқұлов, Іле ауданының құрметті азаматы К.Қасымбеков, «Нұр Отан» партиясы «Орталық» тобының жетекшісі Ә.Қасымов сөз сөйлеп, ардагерлер мен жиналған халықты Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтады.
Мерекелік іс-шараның келесі бөлімінде жиналған халық №19 орта мектеп ұжымымен округ көркемөнерпаздары дайындаған концерттік іс-шаралар мен соғыс эпизодтарынан қойылған көріністерді тамашалады.
Осы аталған іс-шаралардан кейін орталық спорт алаңына тігілген әскери шатырдың астында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Ауған соғысы ардагерлері, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар мен округіміздің ардагерлеріне арнап дастархан жайылып мерекелік түскі ас берілді. Мерекелік ас мәзірінің құрамына ардагерлерге арналған ұлттық тағамдармен бірге әскери жылжымалы қазанда дайындалған жауынгерлік тағам (солдатская каша) тартылды. Ардагерлер мен қонақтар ас мәзірі кезінде округ көркемөнерпаздарының өнерін тамашалады.
Ардагерлерге Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен дайындалған азық-түлік қоржынымен және ақшалай көмек көрсетілді . Денсаулығына байланысты мерекеге келе алмаған ардагерлердің, еңбек ардагерлерінің, барлығы 65 адамның үйіне мерекелік қоржын таратылды.
Жалпы мерекелік іс-шараға 2000 ға жуық адам қамтылды.