БАСТЫ

 
 
 

БАРЛЫҒЫ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ

20.07.2017

    

«Нұр Отан» партиясының өзге партиялардан ерекшелігі – азаматтар үшін Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің болуында. Партия төрағасы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен ашылған бұл қабылдау бөлмелері – тұрғындарға заң аясында кеңес беріліп, түрлі қабылдаулар өткізетін және ойларын бөлісетін, бір сөзбен айтқанда, халық пен биліктің арасындағы  алтын көпірге айналған ашық алаң. Қоғамдық қабылдау бөлмесі барлық мәселеге жанашырлықпен, қамқорлықпен, түсіністікпен қарайды. Азаматтар өзін мазалаған сауал бойынша кез-келген уақытта мемлекеттік және құқық қорғау органдары, партия басшылары мен халық қалаулыларының жеке қабылдауына кіре алады. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы арнайы құрылған республикалық желілік кесте мен жоспарға сәйкес жүргізіліп отырады. Бірнеше партиялық жоба осы жоспар аясында жұмыс істейді.

«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы көшпелі қабылдаулар жұмысын жандандырып, іс жүзінде жүзеге асырып келеді. Партия мүшелері азаматтардың өтініш-тілектеріне құлақ түріп, тұрғын үй, тұрғын үй-коммуналдық қатынастар, жұмыспен қамту, қоғамдық көлік пен жолдар және басқа да әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша құқықтық кеңес беруді және заңнама нормаларын түсіндіруді жалғастыруда.

Апта ортасында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының қоғамдық қабылдауының жұмыс кестесіне сәйкес, Іле ауданы прокуроры Молдахметов Ерлан Кеңесбекұлы және көмекшісі Төлеген Нұргүл Қуатқызы аудан тұрғындарын жекелеген сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген Өзбекстан Республикасының азаматы А. Назарымбетов, Чапай ауылының тұрғыны Е. Бойко, Алматы қаласының тұрғыны В.Федосеевтің шағымдары тыңдалып, құжаттары тексеріліп, Заң аясында іс-әрекеттеріне түсініктеме жұмыстары жүргізіліп кеңес берілді. Мәселелері оңтайлы шешілген арызданушылар Прокуратура қызметкерлеріне, партия филиалына алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар жүзеге асары сөзсіз.