«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, біз Комсомол, КазЦИК ауылдық окрігінің әкімі Күзембаев Серік Исаұлына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Серік Күзембаев әкім болып сайланғалы осы округке қатысты 2 елді мекеннің жағдайы жасқарды. Түрлі шаралар іске асырылды. Осындай қысқа мерзім ішінде істелініп жатқан жұмыстарға қалың ел куә. Өйткені үнемі арасында жүреді. Әрбір істелген жаңа істі өз көзімен көріп, өзінің бастауымен істі бақылауға алады. Әкімге барған ауыл азаматтары өзінің талап тілегіне нақты жауабын алып қайтады. Ең бірінші кезекте ауылдың тазалығы, қарттарға көмек, тұрмысы нашар отбасыларға әрқашанда көмегін беріп тұрады. Әрбір келген мейрамдарда ерекше назар аударылып тұрады. Мысалы қарттар күні, наурыз мейрамы, Қадыр түні, аналар күніне ақ дастархан жайылып, концерт қойылып, мектеп ұстаздары мен оқушылары халықтың көңілінен шығады. Халық оған дән риза. Қаншама жыл армандап айтып келген мектебіміздің бітуі де жақын. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай, әкімшіліктің іргесінде ардагерлерге арналып саябақ ашылайын деп жатыр. Ол жақсылыққа да, күн жақын. Жақсылық көп. Өткен жылы 2014 жылы ауыл әкімі «Жыл әкімі» деген жеңіске жетті. Осының барлығы осы атқарылған жұмыстарының арқасы. Сол себепті осы әкімге алғыс білдіргіміз келеді. Алда талай, тағы жақсы игі істерге халық үшін аянбай еңбек етуіне тілектеспіз.
|