БАСТЫ

 
 
 
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы – құқықтық білімі бар, патриоттық рухта ұрпақ тәрбиелеудің негізі 08.12.2016

 

2016 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп «Алматы облысындағы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары туралы» БАҚ үшін брифинг өтті.

Брифингке Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) баспасөз хатшысы Сымбат Исрапулова мен Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова қатысты.

Өз сөзінде С. Исрапулова Департаменттің келісімімен облыстық білім басқармасымен Алматы облысының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының 2016-2017 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жоспарды орындау туралы тапсырма жоспармен қоса жолданғандығын, ал бұл шараның Агенттік пен Білім және ғылым министрлімен бірлескен рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырғандығын айтып өтті.

Бүгінгі күні облыста жалпы білім беретін мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға, оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыруға, білім және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өткізу мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары облысымыздың барлық 741 мектебінде құрылған.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары келесі секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.

Брифингке қатысушылар «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жас жеткіншектерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті құқықтық білім беретін күш ретінде қоғамда өзіндік орнын тауып қалыптасатындығына сенімділіктерін жеткізді.


 


 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет
істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті