БАСТЫ

 
 
 

Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы

08.08.2016


   Қараой ауылындағы №18 орта мектеп алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және Рио 2016 жазғы Олимпиадасында қатысатын Қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету мақсатында ауыл ардагерлері, мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және округ жастары арасында  велоспорттан жарыс өтті. Мақсаты: ауыл ардагерлері және мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және округ жастары арасында велоспорт ойынына қызығушылық таныту, жақсы ойыншыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақыттарын тиіміді пайдалану мақсатында өтті. Жарысқа қатысушылары 4 топқа бөлініп жарысты.

         І топ - ауыл ардагерлер ерлер арасында

         ІІ топ- ауыл ардагерлер әйелдер арасында

         ІІІ топ- мекеме қызметкерлері ерлер арасында

         ІV топ- мекеме қызметкерлері әйелдер арасында

        І топ бойынша, І- орынға ардагерлер ерлер арасында Н.Тілендиев ауылының №26 орта мектеп мұғалімі Оразғалиев А.С., ІІ- орынға Қараой ауылының №18 орта мектеп мұғалімі Қожатаев Е.Т., ІІІ- орынғаН.Тілендиев ауылының тұрғыны Догаров С. иеленді.

       ІІ топ бойынша, І- орынға ардагерлер әйелдер арасында Қараой ауылының ардагерлер кеңесінің төрайымы Мухамеджанова Б.М., ІІ-орынға Қараой ауылының ардагері Карпенко Л.В., ІІІ- орынға Қосөзен ауылының тұрғыны Жексенова Ш., иеленді.

        ІІІ топ бойынша, І-орынға мекеме қызметкерлер ерлер арасында Қараой ауылының тұрғыны Ұлықбеков Ж., ІІ-орынға Қосөзен ауылының тұрғыны Нұрахмет Е., ІІІ-орынға Н.Тілендиев ауылының №26 орта мектеп мұғалімі Садыков М.Қ., иеленді.

        ІV топ бойынша, І-орынға мекеме қызметкерлері әйелдер арасында Қараой ауылының әкімшілік қызметкері Джумабекова А.С., ІІ-орынға Қосөзен ауылының №14 орта мектеп мұғалімі Кушимова Э., ІІІ-орынға Қараой ауылдық дәрігерлік амбулаторисының қызметкері Серикова Г., иеленді. Барлық командалардың жеңімпаздары анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.