БАСТЫ

 
 
 

ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАҒАН

07.03.2017

       

Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «Ана» сөзінің астарында теңіз сияқты терең ой жатыр. Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда анаңның ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны,  сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя. Ананы барша адамзат баласы ардақ тұтады. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, құдіретті жан.

«Алып анадан туады», деген дана халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де, қол бастаған батыр да, күміс көмей әнші де, күмбірлете күй төккен күйші де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ана  өмірдің бастауы, тіршіліктің нәрі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді», - деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес.

Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан-ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсап, ол арқылы жаны нұрлана, нәрлене, құлпырып, жайнай түседі. Кез-келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер мен ізгіліктің нәрі бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағы мен нұрын төгеді. Өз парызыңды өтеу, бұл - ана алдындығы парызды өтеу.