БАСТЫ > 

 
 
 
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ 15.11.2016

       

Қарашаның 15-і Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - теңгенің дүниеге келген күні. Бұл күн ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы қарашаның 13 жұлдызындағы Жарлығымен 15 қараша Ұлттық валюта күні, еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп жарияланды. Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Сонымен бірге, кез-келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Еліміздің қаржы жүйесінің дамуына қазынашылық жүйесінің де үлесі бар.

Қазіргі уақыттағы Іле аудандық қазынашылық басқармасы республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алу, қамтамасыз ету саласында және мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша операцияларды өткізу саласында функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады, яғни аудандағы мемлекеттік, бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысының, зейнетақы жарналарының, жәрдем ақыларының және құрылыс нысандарының төлемдерін уақтылы, мақсатты төленуін жүзеге асырады. Басқарма барлығы - 50, оның ішінде 9-республикалық, 38-облыстық, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге және 2 квазимемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуде.

Бүгінгі таңда ұжымды Алғазиев Құрманғазы Абдіманапұлы басқарып отыр. Қаржы саласында 13 жылдан астам жұмыс істеген Құрманғазы Абдіманапұлы - өз ісіне берілген, ұжымның ұйытқысы бола білген азамат. Қазынашылық құрылған күннен бастап мұнда жұмыс істеп жүрген мамандарымыз да бар. Олар – бас маман-бас қазынашылар Э.Муратханова, Л.Койжанова. Басқарманың жас та болса үлкендерден өнеге, тәрбие алып қазынашылық саласы жұмысын жақсы игеріп келе жатқан жас мамандар - Қ.Ерзат, И.Сулейманова, А.Бастаубаевалар үлкендердің жолын басып келеді.

Барлық деңгейдегі қаржы органдарының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыруда бюджет қаражатының халық игілігі үшін негізгі рөл атқаратынын естен шығармауымыз керек.

Құрметті қаржыгер әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта және Қаржы қызметкерлері күні кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздерге және отбасыларыңызға амандық пен саулық, береке бірлік және мемлекетіміздің экономикасын көтеру, халқымыздың әл-ауқатын жақсарта түсу жолындағы толассыз еңбектеріңізге табыстар мен жарқын жеңістер тілеймін.

Төл теңгеміздің тұғыры нығая берсін!