«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталығы бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына талқылау мақсатында жиын өтті.
Жиын барысында бастауыш партия ұйымының төрайымы, ХҚКО басшысы А.Мұңайтбасова өзінің баяндамасында «Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық. Елбасының бұл бағдарламасында көрсетілген мәселелерден туындайтын барлық тапсырмаларды жүзеге асыру – біздің міндет. Ел жаңарып, сана-сезім де заман ағымына сай өзгеріп, рухани жаңғыруда. Әрине, бұл біркүндік жұмыс емес, ауқымды және іргелі жұмыстардың жанынан табылып, жаңа үрдісті істердің басында болу үшін ел арасында бірлік қажет. Біз алға қойылған барлық тапсырманы орындай аламыз», – деп, сенімін білдірді.
Сонымен қатар, кездесу барысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық құжатын қолдау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығы бастауыш партия ұйымының мүшелері өзара ой бөлісіп, пікір алмасты.
|