БАСТЫ > 

 
 
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МІНДЕТ 26.03.2018

                      

Аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов, Іле аудандық мәслихат хатшысы, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Абилова, Іле аудандық әділет басқармасы басшысы Р.  Қыстаубаева, басқарма басшысының орынбасары Б. Айтбайұлы, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Іле аудандық әділет басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы басқарма басшысының есебі тыңдалды. Іле аудандық әділет басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мәселесі бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайлы айтып, туындаған мәселелері бойынша 1260 адамның қабылдауда болып, олардың мәселелері қанағаттандырылғаны, 4 рет «Әділет кеңес береді» атты республикалық акция өткізілгені, БАҚ-да 43 мақала жарияланғаны, жемқорлықпен күрес мақсатында 10 ақпарат насихат жұмыстары жүргізілгені жайлы тоқталып, толыққанды ақпарат берді. Азаматтарға дер кезінде сапалы қызмет көрсету – басты міндеттер болып қала беретіні жайлы айтылды. Отырыс соңында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов қорытынды сөз сөйлеп, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жоспарлы, толыққанды жүзеге асырылуы басты назарда болатыны жайлы айтты.