Үстіміздегі жылдың 22-мамыр күні Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған аудандық «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты ардагерлер өнер ұжымдары арасында байқау өткен болатын. Байқауға ауданымыздағы барлық ауыл, округ ансамбльдері қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша екі ұжым облыстық байқауға жолдама алған еді. Олар: Нұрғиса Тілендиевтің «Дубасекова зиратында» әнін орындап, бас жүлдені жеңіп алған «Әлібек Нұрқожа атындағы халық ансамблі» және «О, Днепро, Днепро» әнін орындап, жүлделі І-орынды иеленген Украина этномәдени орталығының «Просвита - Жетісу» хоры болатын.
4-қараша күні облыс орталығы Талдықорған қаласында «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» байқауының облыстық қорытынды гала-концерті өтті. Осы гала-концертке қатысқан Әлібек Нұрқожа атындағы халық ансамблі Әлібек Нұрқожаның әні мен сөзі жазылған « Астана» әнін орындап, жүлделі ІІІ-орынды иеленіп, абыроймен оралдық. Ал, Украина этномәдени орталығының «Просвита - Жетісу» хоры ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Біздің жеңісіміз ауданның жеңісі!
Ансамбль ұжымы атынан байқауға қатысуымызға демеушілік көрсетіп, барлық жағдайды жасаған аудан әкімінің орынбасары Ахметжан Рахымбайұлы Кушеновке, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исаев Әмзе Әлдибекұлына және Серьянов Жұмаділ Серьянұлына алғысымызды айтамыз. Ансамбль жетекшісі Қайсанов Құматай Бәйкеұлын, әнші Еділ Құмарбаев, Ғабит Сембиев және ансамбль ұжымын осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймын.
Алдағы уақытта біздің Әлібек Нұрқожа атындағы халық ансамблі өзінің «Халықтық» атағын қорғап алуға дайындық үстінде.
|