ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басқармасымен қамқорлыққа алынған Жетіген ауылының Каратэ-до Шотокан Ұлттық федерациясының «Сёгун» (жапон тілінен генерал бас қолбасшы) – атты әскери-спорттық клубының спортшылары Шымкент қаласында өткен Каратэ-до Шотокан Қазақстан Республикасының Кубогына қатысты. Аталған жарыс 2017 жылдың 18-24 желтоқсан аралығында өтті. Осы аралықта Каратэ-до Ресей Федерациясы құрамының аға бапкері, төртінші данды қара белдік иегері Элдарушев Исламутдин Русланович семинар жүргізді. Өткізілген семинарға «Сёгун» клубының және де мемлекетіміздің басқа да аймақтарынан келген жас спортшыларымыз жеке бас спорттық тәжірибелерін арттырып, жетік меңгеріп, сертификаттарға иеленді. Бұл дегеніміз спортшыларымыздың сана-сезімінде, жадында лайықты орын алады. Болашақта осы алған білім-тәжірибелері жаңа белестерге жетулеріне себепші болатыны анық.
Әскери-патриоттық «Сёгун» клубының басшысы – бас бапкері ҚР спорт шебері, бірнеше дүркін Әлем чемпионы, Әлем Кубогының чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның Каратэ-до Ұлттық федерациясының вице-президенті, Алматы облысының Каратэ-до Ұлттық федерациясының президенті төртінші данды қара белдік иегері Рахметов Руслан Калитжановичтың айтуы бойынша, сайысқа 6-15 жас аралығындағы 13 тәрбиеленуші шәкірттері барды. Дүркін жарыстың қорытындысы бойынша «Сёгун» клубының қоржыны 16 – алтын, 12 – күміс және 6 – қола медальдарымен толтырылды. Яғни, барлық балалар жүлделі орындарға ие болды. Жоғарыда аталған жас спортшыларымыз Жетіген ауылының №11 орта мектебінің оқушылары.
«Салауатты өмір салты» деген пікір хақ! Сондықтан жас патриот спортшыларымыз орта аға буынының батырлық және жауынгерлік қасиеттерімен тәрбиеленіп, өз намыстарын жерге таптатпай, болашақта Отанымыздың бетке ұстар, үстемін арттырып, абыройлы азаматтары болатындарына толық сенімдіміз.


Азамат ЖАГАЛБАЕВ,
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің баспасөз хатшысы, майор
|