«Қазпошта» акционерлік қоғамы жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында балалардың Аяз Атаға жазған хаттарының астында қалады. Биыл да солай болды. Осы жылы Аяз Атаға тағы да ілелік бүлдіршіндерден хаттар келген.
«Сыйлықтардың көбі Жаңа жылға дейін таратылады, қалғандарын 13 қаңтар, Ескі Жаңа жылға дейін сыйлаймыз. Биыл тек ойыншықтар келді. Өткен жылы балалардың өтініші ноутбук, ұялы телефондар және Отау ТВ спутнигін сұраған болатын» - дейді «Қазпошта» АҚ Іле аудандық пошта торабының басшысы Р.Мейрова.
Балалардың қандай сыйлық қалайтынын хаттарынан оқып білдік. Көбі Аяз Атадан ойыншықтар сұраған. Қазпоштаның қызметкерлерінің айтуынша, демеушілерден тұратын комиссия хаттарды өңдеп, сыйлықтар мен Аяз Атаның құттықтау хаты аудан округтеріне жіберілді. Сыйлықтарды пошта қызметкерлері немесе Қазпошта басшысы өз қолымен тапсырады.
Балалар хаттарды барлық ауылдағы Қазпошта торабындағы поштамттарда, Аяз Атаға хат жіберу үшін арнайы орнатылған хаттар арқылы жолдаған.
«Аяз Атаға хат жаз» акциясы 1 ай бұрын, яғни, қараша айының 13-ші жұлдызынан бастау алып, 20 желтоқсанда тоқтатылатын. Қазпоштаның жергілікті бөлімшелеріне осы күнге дейін 40 жуық хат түсіпті. Хаттардың басым бөлігі Өтеген батыр кенті, Байсерке ауылдық округі мен Междуреченскі ауылдық округінен келген екен.
Олардың әрқайсысын мұқият оқып шыққан Аяз Ата мен Ақшақар балалардың бар тілегін орындауға тырысты.

|