БАСТЫ > 

 
 
БАЛАЛЫҚТЫҢ БАЗАРЫ БІТПЕСІН 13.06.2018

 

        

      Қазақта «Балалы үй базар», «Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» деген тәмсілді ұстанған қазақ әр сәбидің өз несібесімен дүниеге келетінін айтады. Перзентін көңілдің гүлі, көздің нұрына теңеп, жүрек түкпіріндегі үлкен үміттерінің иесі санайды. Сондықтан 1 маусымда тойланатын Халықаралық балаларды қорғау күні – орны ерек, мәні бөлек мереке.
      Мейрам аясында «Жетісу мұрагер» үкіметтік емес ұйымы, Алматы облысы ішкі саясат басқармасы, Консалтинг орталығының ұйымдас-тыруымен өткен Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарына арналған әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде жеңіп алған грант негізінде «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Алматы аймақтық балалар ауруханасында мерекелік іс шара өткізілді. Шара барысында ауруханада емделіп жатқан бүлдіршіндердің көңілін аулау үшін балаларға арнап клоун-әзілкештерінен, әртүрлі қойылымдар койылды. Балалардың қатысуымен қызықты ойындар, ән-жыр айтылып, би биленді. Аурухана ауласында түрлі суреттер салынып, жақсы сурет салған бүлдіршіндерге арнайы сыйлық берілді. Сонымен қатар белсенді қатысқан балаларға да сый-сыйапат тарту ете отырып, ата-аналарға ақ тілектер айтылды.
       Артынша балалар ауруханасының кең залында арнайы «Жетісу мұрагер» үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырып жатқан әлеуметтік жобасы атынан үлкен көгілдір экраннан қызықты мультфилімді тамашалады. Жоба мақсаты: ауруханада жатқан балалардың эмоциялық көңіл күйін көтеріп, науқастан тезірек айғуға атсалысты.
       Іс-шара аясында аудандық «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен волантерлер тартылып, балалармен бірге көңіл көтерді.