Басты - Қуанса бала, қуансын
 

 
 
 
Қуанса бала, қуансын  

  Жыл сайын мүгедектер күніне орай, дәстүрлі түрде өтетін «Алтын күз» фестивалі Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен Чапай ауылындағы Мәдениет үйінде аталып өтті.
Фестивальды өткізудің мақсаты балалардың қоршаған ортаға бейімделуі және өнерге деген қызығушылығын арттыру, өнерлі, дарынды балаларды анықтау, өзін-өзі қоғамдық ортада дұрыс ұстай білуі.
Мерекелік шараны жылы лебізімен Іле аудандық ЖҚ және ӘББ басшысы Н.Құматаев ашты. Артынша Чапай ауылының әкімі Б Жұмабаев сөз сөйлеп, өзінің ақ тілегін арнады. Фестивальға келген қонақтар мен ата-аналар әлеуметтік жұмыскердің балалармен жасаған қол өнерін тамашалады. Шара барысында балалар би билеп, ән шырқап өз өнерлерін көрсетті. Абдулла Сиқуатов «Жаса, Қазақстан» және «Әке» әнін, Перизат Құдайберген отбасымен «Қошақан» әнін нақышына келтіріп орындады.
«Әр ұлт өкілдерінің балалары бір-бірімен – дос» тақырыбы аясында Ясмина Оспанова, Амина Асанқожа, Ульяна Елисеева , Виктория Коваленко, Шагыр Нұрғали балалар тақпақ айтты. Сондай-ақ, Әлия Берлигулова әр түрлі тақпақтар айтты. Ару Исабекова, Айзат Омарбекова, Перизат Сабирова, Данагүл Оразбековалар әр ұлттың биін билеп, тамаша өнер көрсетті. №13 М.Мақатаев атындағы орта мектеп оқушысы Арон Смағұл ән айтып, өз өнерімен балаларды қуантса, Жазира Қанапия М. Мақатаевтың өленің жолдады. Фестивальға қатысқан балалар мақтау қағазымен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар Ә.Молдасынова, С.Сабурова, Б.Лбова, С.Қасымханова, Б.Бөбекбаева, Р.Бекқожаева сынды әжелер де елеусіз қалмай алғыс хат пен сыйлық алды.
Фестивальдың II-жартысында балалар мәз-мәйрам болып, «В мире чудес» цирк ұжымын тамашалады. Осы фестивальға демеушілік көрсеткен «Данон», АҚ «Galans Bottlers», «Ару» емханасына алғысымызды білдіреміз.

М.ТОЛЕГЕНОВА,
Мүмкіндігі шектеулі балаларға
үйден әлеуметтік көмек
көрсету бөлімшесінің кеңесшісі.