БАСТЫ > 

 
 
АСТАНА, ЕСІМІҢДІ ӘЛЕМ БІЛГЕН 24.01.2018

                      

Энергетик ауылдық округіне қарасты, Қарасу ықшам ауданына Сарыарқаның қақ төсінде орналасқан асқақ Астанамыздың 20 жылдығына орай бірқатар көшелеріне жаңа атау берілді. Бұрындары ешкімнің есімімен аталмаған көшелер енді еліне елеулі үлес қосқан азаматтардың атымен аталмақ. Ұлы мен қызын ұлықтаған ұлт кімдердің есіміне көше берді?

Бұған дейін бұл көше «13- линия» деп аталып келді. Астана қаласының 20 жылдығына орай орталық көше «Астана» аталатын болды. Бұл күнді асыға күткен қарасулықтар қуана мақұлдады. «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ дейді ғой. Астананың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Әрине біз қуаныштымыз!», – деді іс-шарада сөз алған ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Назарбаев. Сондай-ақ, басқа көшелер Бірлік, Ынтымақ, Тәуелсіздік деп аталмақ.

«Еліміздің егемендігі жолында осындай Бірлік, Ынтымақ, Тәуелсіздік сынды қадірлі сөздерді көше атауына беру туралы шешім қабылданды. Ауылдық ақсақалдар алқасы, жергілікті зиялы қауым өкілдерінің және қоғамдық кеңес ұсыныстарына орай, ономастикалық комисияның, аудандық мәслихаты депутаттарының шешіміне сәйкес бұл жұмыс жүзеге асырылды», – деді Энергетик ауылдық округінің әкімі С.Закиржанов.