Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы қазақстандықтар санасының ашық болуы мен алдағы жетістіктерді қамтамасыз ету үшін қабылдауға тиісті түбегейлі өзгерістерді нығайту қажеттігіне назар аударады. Ұлттық код арқылы салт-дәстүр, сана мен ой, мәдениет пен саясат және білім трансформациясына берілген басымдылық Елбасымыздың әр қазақстандықтың ойының алғыр, болашақта кез-келген сын-қатерлерге бейімді, қабілетті болуын шынайы қалайтындығын дәлелдейді.
Яғни, әр қазақстандықтың шаңырағы бекем, рухы мықты, патриоттық сезімінің жоғары болғандығын, қазіргі заманның ағымына сай мәдениеттілік пен ашықтық, сондай-ақ, прагматикалық тәсілдерді сезіне отырып, қазақстандық қоғамның құндылықтарын жүзеге асыру керектігінің ұлттық кодын жасады.
ҚР-сы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Туған ел» бағдарламасы аясында жергілікті жердің тарихы, географиялық ерекшелігі, тапонимикасы, отан тарихына еңбектерін қосқан атаулы өңірден шыққан перзенттері, қызмет жасаған азаматтары мен әдебиет пен өнер майталмандарын таныстыру, киелі де, қастерлі Іле ауданының тарихы, географиялық, биологиялық ерекшелігін білу. Осы өңірден шыққан және қызмет атқарған азаматтар мен өнер саласындағы майталмандарын таныстыру.
Өмір көшінің әр заманында бұл ауданнан шыққан тұлғалар қоғам дамуының қай саласына болса да даму үрдістеріне әсер етіп, өшпес іздерін қалдырған. Осы тұрғыдан алып қарағанда тұлғалар тарихының ұрпақ үшін танытудың маңызы зор.
Оқыту үрдісінде кітапқа еніп отырған ауыл тарихы бөліміндегі азаматтардың біразын таныстыру және арнайы зерттеу қажет. Болашақта олардың өмірі мен қоғамдық істері туралы осы курс арқылы мәліметтер жиналып, жан-жақты толықтырылады.
Осыған орай, ұсынылып отырған оқулық бастамасы деп түсінеміз. Демек, жұмыс осымен аяқталды деп айтуға негіз жоқ. Бұл бастама өз жалғасын табады. Өкінішке орай, өмірбаяндық мәліметтер мен фотосуреттердің болмағандығынан, кітапқа кейбір деректер кірмей қалды. Бұл ұсынылып отырған бірінші кітапқа енбеген жеке адамдар туралы деректерді кітаптың жалғасы, екінші жинағында өмірбаяндарымен бірге жинауға мүмкіндік болатынына сенім білдіреміз. Сол үшінде оқыту үрдісінде мәліметтер жинап, оқу құралының мазмұнын қайта жаңалауды қажет етеді. Жоба авторы – Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, профессор.
«Ілетану» арнайы курс бағдарламасы 9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат. Пәнді гуманитарлық пән мұғалімдері оқыту ескертіледі.
«Өз елінің дәстүрін, тарихының өткені мен бүгінгісін білмеген жас ұрпақ болашаққа көз жүгірте алмайды» деген қағидаға сүйене отырып, Алматы облысы, Іле ауданының тарихын оқып-үйрену мақсатымен «Ілетану» арнайы курс бағдарламасы құрастырылды.
Өз елінің географиялық орнын, оның аумағын, тарихын, тарихи тұлғаларын білу-әр азаматтың міндеті. Еңбекте Іле ауданының қысқаша тарихы, атаулы өңірдің перзенттері мен қызмет жасаған азаматтарын таныстыру көзделген.
Бұл бағдарлама арқылы оқушылар өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, тарихына сыр шертуге, ізденіс қабілеттірін дамытуға, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыланады.
- Осы «Ілетану» арнайы курс бағдарламасында:
- Жергілікті жердің географиялық орнымен танысу;
- Елді мекеннің тарихына, оның бүгінгі келбетіне баға беру, салыстыру;
- Жергілікті жерін топонимикалық жағынан қарастыру міндеті тұр.
Бұл арнайы курста бірнеше оқыту формалары қолданылады:
1. Сарамандық жұмыс , шығармашылық жұмыстар
2. Саяхаттар
3. Қалыптан тыс сабақ түрлері т.б.
- Бағдарламаның мақсаты:
- Оқушылырға өз өлкесінің шығу тарихы, орналасқан жері, аумағы, халқы, мәдениеті жөнінде білім беру.
- Оқушылардың өлкетану сабақтарында өз жерін оқи отырып елжандылық сезімдерін қалыптастыру.
- Сабақта өз жерінде шыққан (аумақтан, ауылдан, облыстан, республикадан) атақты адамдар жайлы материалдар жинап білімдерін толықтыру.
- Жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, мәлімет іздеуге, шығарма жазуға, фотоға түсіруге, өлкң шығаруға дағдыландыру
- Міндеті:
- Өлкетану сабағында материалдарды нақты игеру;
- Әртүрлі әдебиеттерді пайдаланып, берілген сұрақтарға жауап беру;
- Өз өлкесі мен мемлекетіміздің мәдени-ағарту, саясат, өнер мен спорт ісіне үлес қосқан адамдар жайлы материалдарды іздеу;
- Ақпарат құралдарды пайдаланып, оның ішінде: тарихи кітаптар, газет, журнал, интернет арқылы мәліметтер жинау, арнайы сайдтарға беру.
Бағдарлама оқушылардың жас ерешелігін ескеріп жасалған. Пайдалануға қолайлы. Оқыту кезінде берілген мәліметтерді ықшамдап алуға, 10 пайызын өз өзгерістерімен өзгеріс енгізіп болады. Атаулы курс бойынша ұсыныс-пікірлеріңізбен, кеңес алу үшін мына телефона хабарласуға болады 2-06-22, ұялы байланыс 874780409056.
.
|