БАСТЫ

 
 
 

ЖАҢА ҚАДАМ

02.03.2017

       

Елбасымыз өзінің тарихи Үндеуімен ел тарихындағы жаңа кезеңді бастап берді. Елбасы еліміздегі өзекті мәселелерді ұтымды шешумен қатар мемлекеттік басқарудың заманауи, тұрақты, ұтымды үлгісін қалыптастыруды да қарқынды жүргізуде.
Елбасының атап көрсеткеніндей ұсынылып отырған реформаның негізгі мәні саяси жүйені демократияландыру.
Бұл батыл қадам Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін арттырып қана қоймай, оларға қабылдаған шешімдеріне сәйкес жауапкершілік жүктейтінін ескеру қажет. Бірнеше маңызды мәселелер қозғалды. Соның бірі жаңа саяси реформа аясында Парламенттің рөлінің күшейтілуі. Үкімет пен Парламент рөлінің артып, жауапкершілігінің барынша күшейгендігін және Президент ие өкілеттіктердің айтарлықтай теңдіктің орнағанын білдіреді. Өркениетке бет алған әлемдік жүйеде бүгінгі заманның келбетіне сай қабылданған шешім, өзгерістер мен толықтырулар бірқатар мәселені тиянақтайды. Сонымен қатар, Үкіметтің көптеген сала бойынша және халық алдындағы жауапкершілігін күшейте түседі. Ұсынылып отырған шаралар Үкімет пен Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Бұл реформа, сайып келгенде, билік пен халықтың тұтастығын нығайтады.
Бүкіл қазақстандықтардың қатысуымен жүзеге асатын жаңа реформа жарқын болашаққа жасалынып отырған баянды қадам.
Егеменді еліміздің болашақтағы дамуына ықпал ететін, әлемнің 30 дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылуына септігін тигізетін стратегиялық маңызға ие екендігі анық. Қарапайым қазақстандықтар үшін мұндай шешім күтпеген жағдай емес еді. Өйткені, оның негізгі ұстанымдары жүзеге асырылып жатқан 5 институционалдық реформа көрініс тауып, халықтың толық тусінуіне мүмкіндік берілген еді.
Бірақ бұл Президенттік басқару жүйесі әлсірейді деген сөз емес. Президент дербес тағайындайтын және босататын Сыртқы істер және Қорғаныс министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды. Ерекше маңызды мәселелер бойынша қажетіне қарай Үкімет отырысына төрағалық етіп, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын ішінара тоқтата тұрады.
Қазақстан дамуының жаңа бағыты айқындалды. Бұл Үндеу біздің мемлекетіміздің келешек тағдырына, балаларымыздың тағдырына тікелей байланысты.