Елбасы «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» мемлекетті жаңғырту жолындағы бағдарлама ретінде жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы күресуге жұмылдыратын әрі еліміздің әлемдегі дамыған мемлекеттердің отыздығы қатарына қосылуына жол бастайтын қауқары зор маңызды құжат», - деп атап көрсетті.
Республика соттары Мемлекет басшысы ұсынған 100 нақты қадамнан тұратын «Ұлт жоспарын» іске асыруға белсене кірісіп кетті. Бес институционалдық реформада кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев нақты міндеттерді белгіледі. Ұлт көшбасшысы аталмыш құжатта ерекше кәсіби мемелекеттік аппарат құруды тапсырып, ашықтыққа басымдық беруді міндеттеді. Атап айтқанда 11-қадам соттардың қызметіне тікелей қатысты.
Аталмыш құжатта айыптаушы мен қорғаушы жақтар арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету барысында азаматтардың құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттіктер біртіндеп тергеу судьясының құзыретіне берілуі қамтылды. Бүгінгі күнде тергеу судьяларының қызметіне күзетпен ұстау, бұлтартпау шарасын санкциялау, үй қамауында ұстау, кепілді қолдану, мүлікке тыйым салуды санкциялау, анықтаушының, анықтау органдарының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне және шешімдеріне жасалған шағымдарды қарау кіреді. Сонымен қатар, тергеу судьясында қылмыстық істің барлық материалдарымен танысып, зерттеу, іс туралы қосымша ақпарат талап ету құзыреті бар.
Тергеу судьясы құзыретінің кеңеюі іс бойынша жәбірленуші жақтың да айыпталушы жақтың да Конституциялық құқықтарын толыққанды қорғалуының кепілі деп таныған жөн. Ұлт көшбасшысы судьялардың есеп беру тәртібін күшейту мақсатында судьялардың жаңа этикалық кодексін жасауды тапсырды. Кодексте азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы Соты жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдана алады. Бұл өз кезегінде сот әділдігіне қол жеткізудегі ашықтықты көздейді. Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы азаматтардың сот билігіне деген сенімінің артуына септігін тигізіп отыр. |