Облыстық білім басқармасының Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «№30 орта мектеп» МКМ бойынша көптеген іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалды. 9-11 сынып оқушыларының арасында «Туған жер, Рухани жаңғыру» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді. Бұл шығармаға барлық оқушылар белсене қатысты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға арнаған сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттер туындайды. Қазіргі біздің оқушыларымыз да дәл осы – ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, қоғамдағы кемшілікті білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенетін, адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтын оқушылар.
Шығарма байқауын өткізу барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері С.Асанбаева, Э.Бабашева, Ж.Текесбаева және әдістемелік бірлестік жетекшісі Г.Бөгембаева оқушыларды Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласымен таныстыра отырып, көптеген сұрақтарға жауап берді. Бірлесе отырып, Елбасының аталған мақаласын іс жүзінде жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, күш-жігерімізді саламыз деген шешім қабылдады. Оқушылардың шығармалары мәнді де маңызды жазылды. Мектеп бойынша бірінші орынға Аяулым Салмекей , екінші орынға Гүлдана Сарсенбаева, үшінші орынға Диана Құдабаева ие болды. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мектепішілік мақтау қағазымен марапатталды.
Біз болашақта Қазақстанның мақтанышы бола алатын, терең білім нәрімен сусындаған, бірнеше тіл білетін, жаны патриотизмге толы жас ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Біз осы жолда бүгін аянбай еңбек етіп жатырмыз.
.
Г.БӨГЕМБАЕВА,
№30 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
|