2016-2017 оқу жылының қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша сарапатама жүргізілді.
Ауданымыз бойынша 20 маусым күні басталған Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы жарияланды.
Басынан бастасақ, аудандық білім бөлімінің сараптауынша аудан бойынша 2016-2017 оқу жылында 34 мектепттің 1450 оның ішінде 1043 қазақша және 407 орысша білім алған 11 сынып бітірушілерінің барлығы қорытынды аттестаттауға қатысып, төмендегі мынандай нысандарда және мерзімдерде емтихандар тапсырды.
Сондай-ақ, тестілеуге қатысушылардан тыйым салынған заттар алынды. Бірақ қанша тыйым салынған заттар тәркіленгені жайлы нақты ақпарат жоқ. Аудан бойынша жаңа форматты Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1056 түлек қатысуға өтініш білдірді. ҰБТ-дің орталығы Түймебаев ауылындағы №20 орта мектеп базасында орналасқан. №866 тест өткізу пунктінде 2 лек бойынша 2017 жылдың 20-шы және 22-ші маусымында өткізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1048 мектеп түлегі қатысты. ҰБТ-ге қатысу жалпы мектеп түлектерінің 72,2 пайызын құрады. 1 түлек - Халықаралық байқаулар және ғылыми жобалардың жүлдегерлері, 6 түлек денсаулығына байланысты қатыспады. Ал 1 түлек ҰБТ тапсырудан бас тартты.
Ұлттық бірыңғай тестіні өткізу барысында түлектерді тасымалдау мен тамақтандыру жұмыстары ешқандай оқыс оқиғасыз өз уақытында жоспарланған бойынша дұрыс ұйымдастырылды.
ҰБТ-дің қорытындысы бойынша жалпы аудандық орташа балл көрсеткіші 85,7 пайызды көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4,1 баллға жоғарылады.
Аудан бойынша 2017 жылғы 1048 түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысының баллдық нәтижесі төмендегі көрсеткіштер бойынша сараланды. 0 балл алғандар жоқ. 1-49 балл аралығында 65 түлек, ол 6,2 пайыз, 50-100 балл аралығында 681 түлек, ол 65 пайыз, 101-120 балл аралығында 254 түлек, ол 24,2 пайыз, 121-140 балл аралығында 48 түлек, ол 4,6 пайыз.
Облыс көлемінде өткен жылы ауданымыз ҰБТ-дің нәтижесі бойынша VII-орында болса, биыл III-орынға ие болды
Аудан бойынша ең жоғары балл алған №38 мектеп-гимназиясының түлектері. Атап айтсақ, 133 балл алған - З.Мусаев, А.Юркеева, 132 балмен Ч.Мухтаров. Жалпы 125 - 133 балл аралығында 15 түлек.
Жаңа форматты ҰБТ-дің негізгі ерекшелігі оқу сауаттылығының енгізілуі және екі пән таңдауға рұқсат берілуі деуге болады. Сондай-ақ, сұрақтар жауаптарының көп нұсқалығы да жаңа форматтың жаңалығы болды. Балл жиналуы немесе жиналмауы осы көп жауапты тапсырмаларға байланысты. Мәселен, бір сұрақтың екі дұрыс жауабы беріліп, үш жауапты дұрыс деп белгілесеңіз, бір балыңыз кемиді. Сол сияқты үш дұрыс жауап беріліп, екеуін ғана белгілесеңіз де бір балыңыз азаяды. Басқа қиындықтар болған жоқ.
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептері бойынша да пунктке құрылған апелляциялық комиссияға шағым түсіруге болатын жағдай жасалды. Сондай-ақ, шекті деңгейден өте алмаған талапкерлер ҰБТ-ді биыл қайта тапсыра алады. Осы арқылы жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндіктері бар.
Жаңа форматта екі бейіндік пәннің пайда болуы талапкерлер үшін артықшылыққа айналып отыр. Мәселен, талапкер математика мен физиканы қатар таңдаса 54 мамандыққа түсу мүмкіндігі бар. Осы сала бойынша 175 мамандық оқытылады екен. Демек, физика мен математиканы таңдау арқылы талапкердің 40 пайыз оқу грантын ұтып алу мүмкіндігі бар деген сөз. Бұрын жалғыз таңдау пәнімен мұндай мүмкіндік аз болатын. Қалай десек те, биыл біраз талқының өзегіне айналған жаңа форматты Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы нәтижелері жақсы. ҰБТ-дің көрсеткіші бұрынғыдай мектеп жұмысының рейтингісі болмайтындығына қуанып жүргендер де жетерлік. Ең бастысы, ҰБТ болашаққа ұмтылыстың берік баспалдағына айналуы жақсы болды.
Облыстық орта балл - 77,3, республика бойынша орта балл - 80,6.
Биылғы жылдың қорытындысын талдай келе, жеткен жетістіктеріміз бен жіберілген кемшіліктерімізді саралап алдағы уақытқа айқын мақсат белгілеп, біз осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта жұмыс жүйесін жаңаша құрып, бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тырысамыз. Бұған біздің мүмкіндігіміз толық жетеді деп айтуға болады.
|