Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
Өлке тынысы 19.07.2016

   
            (Іле ауданы бойынша мәліметтер)

Жер жаннаты Жетісу алқабындағы Іле ауданының қазіргі аумағы 1867 жылы құрылған. Жетісу облысының (бұрынғы Верный) 1921 жылдан бері Алматы уезі атанған аймақтың құрамында 22 болыстың жері болса, солардың ішінде қазақ көшпелі болыстары атанған «Үлкен Алматы», «Шығыс Талғар», «Кіші Алматы», «Мойынқұм», «Сарытоқым», «Шапырашты» болыстарының жерлері де бар еді. Бұл жерлер 1918 жылдың 30 сәуірінде құрылған Түркістан АКСР-нің құрамында 1924 жылдың 14 қазанына дейін болды. 1924 жылдың 14 қазанынан бастап ауыл Кеңестері нөмірленеді. 1928 жылы КСРО мен Қазақ АКСР-інде әкімшілік-территориялық аймаққа бөлу реформасын жүргізіп, 5 тармақты жүйеден 4 тармақты жүйеге көшті. Яғни: орталық-округ-аудан-ауыл (село)  делінді.

Губерния, уезд сөздері қолданылмайтын болды.  Қазақстанда 13 округ, 180 аудан құрылды. Алматы округінің орталығы – Алматы болды.

Алматы округінде 21 аудан құрылды. 1930 жылдың 3 қаңтарында Қазақ АКСР орталық атқару комитетінің қаулысымен 180 аудан ірілендіріліп, 121 аудан болып қалды.

Іле ауданы Қазақ ОАК-ң қаулысымен Қарғалы ауданының бөлігін қосып, 1929 жылдың 23 қарашасында құрылды. Орталығы Шамалған (1) ауылы болды. 1930 жылы орталығы Елтай ауылына ауысты. Алматы округі 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы деп аталды.  Орт. Алматы.

Қазақтар орналасқан ауылдарда – ауыл Кеңестері, ұйғырлар қоныстанған жерлерде - кишлак Кеңестері, орыс өзге ұлттар орналасқан жерлерде сельский Совет делінді. 1933 жылы нөмірленген ауыл Кеңестеріне ат берілді. Себебі шатасу көбейді. Іле ауданында: №1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14; 15; 16; ауыл Кеңестері және Іле пос. Кеңес болған еді. Орталығы Елтай ауылы. (1932 ж.)

1933 жылы 19 қарашада Қазақ АКСР ОАК мен ХКК шешімімен ауылдардағы ауыл Кеңестеріне ат берілді:

Облыстағы мәлімет

1 қарашадағы тізім

№ №1 Исаев

2. КазЦИК (2)

3. Ынтымақ

4. Жанарминский

5.Молатов

6. 10 лет Каз.ССР

7.  Фурманов

8. Кошмамбет

9. Тұрар

10. Работник

11. Чиликемирский

12. Челек-Қарғалы

13. Дмитриевка

14. Стан-я Илийск

15. Байсерке

Аудан бойынша мәлімет

19 қарашадан кейін

№ №1 Исаев

2. Социалды

3. Калинин

4. Қызыл-Ту

5. Елтай

6. Ұмтыл

7. Шамалған

8. Ащыбұлақ

9. Тұрар

10..............13...

14. Ворошилов

15. Сталин

16. Каз.Правда (2)

1933 жылы Калинин ауданы таратылып, Іле ауданына Первомайский, 10 лет октября,  Каскелен ауыл Кеңестері қосылды. Еңбекшіқазақ ауданына басқа а/с еніп, Бурундай Алматыға қосылды. 1933 жылы аудан орталығы Елібайдан Каскеленге ауысты.

1934 жылдың 11 қарашасында Іле ауданында 16 ауыл Советі болды.

1. Айнабұлақ

2. Первомайский

3. Ұмтыл

4. Каскелен

5. Тұрар

6. Исаев

7. Елтай

8. Чемолған

9. Имени Х лет октября

10. Сталин

11. Илийск

12. Қызыл-Ту

13. Социалды

14. Ворошилов

16. Железно-дорожный.

Осы ауыл Советтерде 38 бастауыш мектеп, 5 толық емес мектеп болып, 4961 оқушы, 128 мұғалім жұмыс істеді. 1935 жылдың 31 тамызында Іле ауданының іріленуіне байланысты екіге бөлінді. Іле және Қаскелең ауданы болып, Дмитриевкаға көшірілді. Халыққа қызмет бөлімдері, іс-қағаздарды сақтайтын орындар тағы басқа Дмитриевка ауылындағы ғимаратқа сыймағандықтан кейбір бөлімшелерді Байсерке ауылына орналастырды. 1936 жылдың 29 мамырында КазОАК Президиумы қаулысымен Алматы қалалық  Кеңесінен Іле ауданында Талғар, Октябрь сельсоветтері, Еңбекшіқазақ ауданынан Алға а/кеңесімен Ново-Алексеевка сельсоветі беріліп, аудан орталығы Дмитриевкадан Талғарға ауысты. Іле ауданының аудан Кеңестерін бөлу-төменде көрсетілгендей болды. Іле ауданының көлемді жерлері Еңбекшіқазақ ауданына қосылды. Атап айтсақ, Белбұлақ, Дзержинск, Жетіген, Калинин, Ленин, Ново-Алексеевка, Октябрь, Фрунзе қалалық поселок им Панфилова.

Талғар қалалық Кеңесіне қалалық поселок Илих берілді.

Шолақ, Шеңгелді, Гвардия ауданына берілді. Сонымен, Іле ауданы деген аудан болмады, таратылды. 1966 жылдың 31 қаңтарында бұрын бөлініп, жерлері әр аудандарға таратылып берілген Іле ауданы қайта құрылды. Орталығы сол Талғар болып өзгермеді. 1969 жылдың 14 мамырында Іле ауданының жерлерінен Талғар ауданы құрылып, орталығы Талғар болған себептен Іле ауданының орталығыТалғардан Николаевка селосына ауыстырылды. Осы жылдан бастап Бурундай мен Қарасу ауылдық мекені Іле ауданына қарайтын болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумы шешім Жарлығымен Іле ауданының орталығы Қапшағайдан Энергетический қалалық поселкесіне ауысты.

1992 жылдың 1 қаңтарында ауданында:

1. Жетіген. 2. КазЦИК, 3. Қараой, 4. Қарасу, 5. Комсомол, 6. Ленинск, 7. Междуреченск. 8. Чапаев ауылсоветтері.

1. Бурундай, 2. Первомайск, 3.  Покровка, 4. Энергетический поссоветтері болды. 1993 жылы Дмитриевка-Байсерке деп, Николаевка-Жетіген деп аталды. 1998 жылы  12 декабрь ауылы – Жапек батыр Ленинск сельский округі – Байсерке ауылдық округі деп аталды. Алматы обл. әкімінің 14 шілде 1999 жылғы шешімімен Ащыбұлақ ауылы М.Түймебаев (Социалистік Еңбек ері) атына өзгертілсе, Энергетический поселкесі Өтеген батыр атына ауыстырылды. 2000 жылдың қаңтарында аудан құрамында, яғни Іле ауданында мынандай округтер болды:

1. Ащыбұлақ, 2. Байсерке, 3. Жетіген, 4.КазЦИК, 5. Қараой, 6. Күрті. 7.Междуреченск 8.Чапаев ауылдық және Боралдай, Первомай, Өтеген батыр кенттік округтері.

Қорыта келе Іле ауданының орталықтарын тағы бір шолып өтсек:

1929 ж. – Чемолган

1930-1933 жылдары – Елтай

1933-1935 жылдары -  Каскелен

1935-1936 жылдары - Дмитриевка.

1936-1963 жылдары – Талғар.

1963 жылдары Іле ауданы таратылды. Жерлері Еңбекшіқазақ ауданына қосылды. Еңбекшіқазақ ауданының орталықтары Есік (1963 ж.) – Талғар (1964 ж), Есік (1965 ж.) болды. 1966 жылы - Іле ауданы қайта  құрылды. Орталығы Талғар болды.

1966-1969 жылдары – Талғар

1969-1970 жылдары – Николаевка.

1970-1976 жылдары – Капчағай

1999 жылы Энергетический поселкесі 1999 жылдан Өтеген батыр кенті болып өзгерді. Сол жылдан бері Өтеген батыр кенті аудан орталығы болып саналды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты (АОГА-қор 309, тізім 2, бет-1).

2 Алматы. Справочник полистории администравно-территориального деление Алматинской области (10 марта 1932 г-1 января 200г) от.ред. С.И.Боранбаева. Алматы. Упр.гос. архива аппарата Акима А-Атинской обл (2002 г, 485+2 карты, 78 бет.

3. Алматы. Справочник по истории административно- территориального деления Алматинской обл (10 марта 1932 г.-1 января 2000 г) от ред. С.И.Боранбаева Алматы: Упр. Гос. Архива аппарата А-Атинской области 2002 г. - 78-73 беттері, 7-беті, 209-213 беттері.

Бұл мәліметтер архивте қалай жазылса солай берілді.