БАСТЫ

 
 
 

ЕШКІМ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

13.03.2017

 

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы туралы қоғамдық тыңдау өткізілді. Атаулы шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Е.Тұрымбетов, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы - Қ.Қалиев, аудандық Саяси кеңес Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Ж.Айтенова, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
       Атаулы партиялық жобаның мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмір сапасын арттыру.
Жобаның бағыттары: мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін «кедергісіз аймақтар» құру. Инклюзивтік білімді дамыту.
       Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтарын тиімді іске асыру үшін заңнаманы жетілдіру болып табылады.
Шара барысында аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Айтенова Жұмакүл Смайлқызына жалпы аудан бойынша 2016 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.