Алматы қаласы Іле ауданына орналасқан Құрлық әскерлерінің әскери иниститутының полигонында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде «Ключи от неба – 2016» байқауында дүниежүзілік армия ойындарына қатысу үшін зениттік бөлімшелердің есептоптарының дайындықтары қыза түсуде. ҚР ҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың әскери бөлімдерінде достастық армиялар арасында кәсіби шеберлікте үздік есептоптарды айқындау үшін далалық дағды бойынша «Ключи от неба – 2016» халықаралық байқауына қатысу үшін зениттік бөлімшелердің жауынгерлік есептоптары арасындағы дайындықтың үшінші кезеңі өтіп жатыр. Бүгінгі таңда қатысушылар қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының талаптары мен ережелерін, оқ ату қағидаларын, жауынгерлік жұмыс бойынша тәлімдемені, бағытты алмастыру, зениттік басқарылатын зымырандардың қасақана іске қосылуын болдырмауды білу бойынша сайыстарға дайындықтарын шыңдауда. Іс жүзіндегі сабақтар жауынгерлік жұмыс бойынша нормативтерді орындау, зениттік жүйелердің жауынгерлік параметрлерінің іске қосылуы мен тексерілуін бақылау, әуе қарсыласының елестетілген соққысын тойтару, марш жасау және кешенді жорықтық және жауынгерлік қалыпқа ауыстыру бойынша есептоптардың іс жүзіндегі іс-қимылдары пысықталуда. «Мұндай сайыс бірінші рет өткізіліп тұр. Бұл бізге үлкен сын. Біздің әскери қызметшілердің Армия халықаралық ойындарына қатысуы, халықаралық деңгейде ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері жауынгерлік есептоптарының кәсібилігін дәлілдеуге мүмкіндік береді», - деп 97617 әскери бөлімінің командирі полковник Сапарғали Телегенов атап өтті.
«Ключи от неба - 2016» зениттік зымыран әскерлері жауынгерлік есептоптары арасындағы далалық дағды бойынша халықаралық байқау биылғы жылы 185-ші жауынгерлік қолдану мен жауынгерлік даярлық орталығының базасында (Ашулук полигоны, Астрахан облысы) өтеді. Осы жылы оған Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы және өзге мемлекеттердің Қарулы Күштері зениттік зымыран әскерлерінің жауынгерлік есептоптары қатысады. «Мұндай халықаралық деңгейдегі сайыста өнер көрсету - мен үшін үлкен құрмет. Алайда, менің ойымша біздің есептоптың да қарқыны күшті, тәжірибесі жетерлік және ең бастысы жеңіске деген талпынысы басым. Біз осы халықаралық додада бірінші орынды жеңіп алуға үміттіміз», - дейді 3 сыныпты сержант Алмас Жарылкасымов. Ол үшін мұндай жоғары деңгейдегі конкурста Қазақстанның Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері атынан өнер көрсету жоғары мәртебе. Алмас күн сайын өзінің қызметтестерімен бірге алдағы сайысқа белсенді түрде дайындалып, өзінің жүргізу шеберлігін шыңдауда. Қатысушылар 30 шілде мен 15 тамыз арасында Ресей Федерациясында бақ сынасуды жалғастырады. Онда қарсыластары отандастары емес, ал шетел армияларының әскери қызметшілері болмақ. Мұндай іс-шаралар әскери қызметшілер үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін де аса маңызды. Аталмыш іс-шара өзге елдердің әскери қызметшілері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Әрбір қатысушының жауынгерлік даярлығын арттырып, әскери халықаралық ынтымақтастықты нығайта түседі.
|