БАСТЫ

 
 
 

1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

02.06.2017

 

1-ші Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік шара және Қазақстан Республикасы Рәміздеріне 25 жыл толу мерекесіне орай өткен салтанатты жиын Ақши ауылы Т.Бокин атындағы № 41 орта мектептің алдында өтті.

Мектеп алаңы 1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстан Республикасы Рәміздеріне 25 жыл толу мерекелеріне сай безендіріліп, бекітілген іс-шара жоспарларына сәйкес мерекелік шара ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылып өткен іс-шара туған елінің болашағына үлес қосу, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу, ұлттық тілді жақсы меңгеру, ұлтанжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу, патриоттық сезімін ояту, мемлекеттік Рәміздерді қастерлеу, өз Отанының жанкүйер азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында өтті.

Аталған мерекелерге байланысты өткен мәдени іс-шараға округ әкімі Д.Өгізбаев, округ ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ахметов, округ аналар кеңесінің төрайымы Б.Альтешева, округ ардагерлері, көше комитет төрағалары, тыл еңбек ардагерлері, ауыл ақсақалдары, мекеме, ұйым басшылары мен қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, «Күрті» БПҰ-ның мүшелері, ауыл тұрғындары, ауыл жастары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, мектеп оқушылары, ата-аналар, мүмкіндігі шектеулі балалар мен балабақша бүлдіршіндері, барлығы 600-ге жуық адам қатысты.

1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстан Республикасы Рәміздеріне 25 жыл толу мерекелеріне байланысты салтанатты жиын Мемлекеттік гиміннің орындалуымен ашылды.

Салтанатты жиынында округ әкімі Д.Өгізбаев барша қатысушыларды және балаларды 1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстан Республикасы Рәміздеріне 25 жыл толу мерекелерімен құттықтап өтсе, округ ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ахметов, округ аналар кеңесінің төрайымы Б.Альтешева және «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі Г.Туреевалар өз құттықтауларын жеткізді.

 Шара барысында Ақши ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің, мектеп жасындағы балалардың, мүмкіндігі шектеулі балалар мен балабақша бүлдіршіндерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама тамашаланды.

Қазақстан Республикасы Рәміздеріне 25 жыл толу мерекесіне орай 2008 жылы туылған Қалиғазы Ғарыш «Көк тудың желбірегені» әнін орындаса, «Қазақстан Отаным менің» әні Т.Бокин атындағы № 41 орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларынан құралған вокалды тобы орындап, «Қазақстан» әнін 2005 жылы туылған Куанышбаев Аман орындады.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі 2002 жылғы Құдайберген Перизат, «Достар» балалар мен жасөспірімдер клубына қатысатын балалар және «Ақбота» жекеменшік балабақшасының тәрбиеленушілері де барша қатысушыларға Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына және 1-ші Маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған тақпақтарын айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұдан басқа да жас балалардан құралған өнерпаздар «Қара жорға», «Махамбет», «Айгөлек», «Көңілді балалар» және «Спорт» билерін орындап, әндерін шырқап өтті.

Мереке күні «Достар» балалар мен жасөспірімдер клубының ұйымдастыруымен балалар арасында асфальқа сурет салу сайысы өткізілсе, округ әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушысы А.Битьманов дойбы ойынынан жарыс өткізді.

Шара соңында округ әкімі Д.Өгізбаев, округ ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ахметов және округ аналар кеңесінің төрайымы Б.Альтешева асфальқа сурет салу сайысы мен дойбы ойынынан өткізілген жарыста жеңіске жеткен жеңімпаздарға округ әкімінің грамотасы мен демеушілердің қолдауымен алынған сыйлықтар табыс етілсе, концерттік бағдарламаға қатысқан барлық өнерпаздарға округ әкімінің грамотасы берілді. Сондай-ақ, шараға белсене қатысқан «Ақбота» жекеменшік балабақшасының 7 бүлдіршіндері мен 15 мүмкіндігі шектеулі балаларға демеушілер тарапынан алынған бағалы сыйлықтары таратылып, 220 балаға округ кәсіпкерлерінің қолдауымен алынған балмұздақ таратылды.

Демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерді де округ әкімі грамотамен марапаттап, өз ризашылығын білдіріп өтті.