Басты  - АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ

 
 
 
АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ 04.08.2015
«Жетім көрсең жебей жүр» демекші біздің балаларымыз жетім емес нағыз ата-ана махаббатына бөленіп отырған жандар, бірақ олардың жүректері, жан дүниелері жетім мүмкіндігі шектеулі жандар. Біреуі өз аяғымен жүре алмаса, ал енді біреуі өз ойын жеткізе алмаған әркімге жаутаңдаған жандар, соны ойласам жүрегім қан жылайды, қайтейін. Бұлар Алланың сүйген құлдары. Өйткені, қиыншылықты Алла сүйген құлына береді дейді. Иә, бұл да болса көңілге медеу.
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға көптеген жеңілдіктер жасалған.
Сондай-ақ, мүмкіншілігі шектеулі жандарға жаны жомарт атпал азаматтарымызда көмектерін беріп отырады. Жаны жайсаң мейірімді жандарға айтар алғысымыз шексіз. Сондай жандардың бірі - «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Абилова Роза Михайлқызы. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», - демекші бұл адам мен үшін ерекше жан. Бес жыл бірге жұмыс жасап бір қабағы шытылып шаршағанын көрген емеспін. Өз ісін сүйіп атқаратын, адал еңбегімен көп жетістіктерге жеткен, еліне адал қызмет етуші азаматша. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына психологтан тегін кеңес алуына көмектесті. Біз бұл кездесуден көп керекті тәрбиені өзімізге қабылдадық.
Балаларға қуаныш сыйлау үлкен бақыт. Бала біздің жарқын болашағымыз. Апта ортасында балаларды Қапшағай қаласына демалдыруға апарып қайттық. Балалардың қуанғанын көрсеңіз ғой. Олардың жүздері алаулап өте бақытты кезеңді бастарынан кешірді. Көбінде үй ауласынан шықпай отыратын балаларға автобуспен жүрудің өзі бір қуаныш. Креслода отырған балалардың біреуі еңбектеп, енді біреуі жамбасымен сырғып қуанып, суға қарай жанталасқанын көрсеңіз... Бұл деген айтып жеткізе алмайтын cезім, қатты әсер алған болар едіңіз. Ата-аналарда балаларының шынайы қуанғанын көріп мәз болды. Сәбидің бір ғана шынайы күлкісін көру ана үшін қандай зор бақыт екенін айтып жеткізу өте қиын. Мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған ата-анамен, баланың жан дүниесін түсініп соған көмек қолын созып отырған аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Р.Абиловаға, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Санат Ерболатұлына, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жұмыс бөлімінің басшысы М.Сафароваға, психолог Н.Самуйлова мен Л.Кравченкоға және әлеуметтік қызметкерлерге ата-аналар атынан мың алғыс айтамыз. Еңбектерінің жемісін жеп, шынайы бақытқа бөленіп, денсаулықтары мықты болып, жүздерінен күлкі кетпей мәңгі жас болып жүре берсін.