БАСТЫ

 
 
 

АҚБАСТАУДАҒЫ АЙҚАС ЕЛДАНАҒА ЖЕҢІС ӘКЕЛДІ

06.01.2017

     

 

Жаңа жылда ауданымызға шаршы алаңның жаңа жұлдызды есімін таныстырығым келіп отыр. Ол - Талипова Елдана Тәліпқызы. Елдана 2002 жылы Іле ауданы, КазЦИК ауылында дүниеге келген. Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектепте оқиды. Алматы қаласындағы «Ақ бастау» демалыс айлағында соңғы айқасын өткізіп, қарсыластарының ешқайсысын шақ келтірмеді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы құрама командасының құрамына енді. Қазір осы салмақ бойынша №1 болып өнер көрсетіп жүр. Жаттығу залы Олимпиядаға дайындау орталығында өтеді. Қазақ қыздарына тән қайсарлығы оны тек алға жетелейді. Жас боксшымыз Елдана мен жаттықтырушысы Дархан Қабыланбеков бұл дәрежеге өздерінің табандылығымен жетті. Өкінішке орай қолтығынан демейтін және қамқорлығына алып, қаржылай көмек көрсететін не жергілікті әкімдік, не кәсіпкер азаматтарымыз жоқтың қасы болып тұр. Болашақта Елданаға тек жеңіс тілейміз.
         Елдана Тәліпқызы 2002-2001 жылғылар арасында Алматы қаласында 2015 жылы өткен «Мықтылар турнирі» Республикалық турнирінде І-орынды, Қарағанды қаласында өткен Республикалық турнирінде І-орынды, Астана қаласында Ұлы Отан соғысының жеңісіне 71 жылдығына арналған Республикалық турнирінде І-орынды, Республикалық оқушылар спартакидасында ІІ-орынды, Тараз қаласында өткен «Мықтылар турнирі» Республикалық турнирінде І-орынды, Алматы қаласы «Ақ бастау» курортында өткен М Хайррудиновтың турнирінде І-орынды иеленіп, 2016 жылғы Алматы қаласының чемпионы атанып, ҚР ұлттық құрамасына кірді. Бапкері, спорт нұсқаушысы Д.Кабыланбаев.