Басты  - ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
 

 
 
 
Отан отбасынан басталады 07.04.2016

2016 жылдың 6 сәуірінде М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Аналар мектебі - тәрбие көзінің бастауы» атты семинар кездесу өтті.
Атаулы семинар кездесуге он ауылдық округтердегі аналар кеңесінің төрайымдары, ішкі саясат мамандары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан жастары қатысты.
Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы С.Қабылбеков жүргізді. Семинар барысында аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ауданның «Құрметті азаматшасы» Нәдірбекова Ғалия Нәдірбекқызы аудандағы аналар кеңесінің жұмыс бағыт-бағдарын түсіндіріп, болашақта біріге жұмыс жасауға шақырып, атаулы жылдың 29 сәуірінен маусым айының 3 күні аралығында «Отбасылық сырласу» тақырыбында семинар-кеңестер өткізуді ұсынды.
Сонымен қатар аудандағы жастар тәрбиесіне, отбасын құрған отбасылардың отбасылық тұрмыс-тіршілігін моральдық-материалдық қолдау көрсету жолдарын жергілікті жерлерде тиісті деңгейде ұйымдастыруда назардан тыс қалмады.
Сондай-ақ, жас отбасылар жаңа құрған шаңырақтарын жастықтың бумен немесе жол көрсетушілердің әлсіздігінен, психологиялық тұрғыдан әлсіздіктен ажырасудың жиі орын алып жатқаны, бүгінгі таңда қоғамның өзекті мәселерінің бірі екені де тілге тиек болып, бұл келеңсіз оқиғаны ауданымызда алдын алу керектігі де айтылды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген дана сөз осындайда айтылса керек.
Ел боламыз десек, елдегі жас отбасылардың тұрмыс-тіршілігіне жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне ұстанған бағыттарына аса назар аударайық ағайын!