КазЦИК ауылдық округі бойынша 11 тамыз 2016 жылы Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясын қолдау мақсатында КазЦИК ауылдық әкім аппараты ММ үлкен апаларымыз бастарына ақ орамалдарын салып, «Ұлттық әдебиетіміздегі ұлықтауға лайық әйелдер бейнесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Ақ жаулықты аттамау – ұлт бірлігін құрметтеу» тақырыбында ауыл аналары мен қыздары, келіндерімен бірге ашық әңгіме өткізілді.
Акцияның «Ақ орамал» атану себептеріне тоқталар болсақ, қазақ тарихында оның философиялық мағынасы терең. Ақ түсті халқымыз тазалықтың, адамның ақыл-ойы мен жан дүниесінің тазалығы ретінде таныған. Адамзат өмірінің негізі болып саналатын ананың ақ сүті — өмір символы. Абыройдың, аманатқа адалдықтың белгісі.
Аталмыш шараның негізіне ата-бабаларымыздың ежелгі дәстүрі, яғни, ел мен елді татуластыру салты алынған. Сонау ықылым замандарда ел мен елдің, ру мен рудың арасындағы дауды әйел-ана басындағы орамалын шешіп, ортаға тастау арқылы тоқтатып, талай қантөгістің алдын алғаны тарихи, көркем әдебиеттен, ауызекі ұрпақтан-ұрпаққа жеткен фольклор үлгілерінен мәлім.
Міне, осындай ізгі дәстүрді ел есіне оралту арқылы қоғамның барлық мүшесі мен әр азаматтың бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуы жолындағы жауапкершілігін арттыру көзделген. Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде алға қойған міндеттерді насихаттай отырып, елдерді бір-біріне өзара құрмет көрсетуге, басқалардың ішкі істеріне араласпауға, саналылық және сұхбатқа, ұстамдылық пен ақыл-парасатқа жүгінуге, жаппай қырып-жоятын ядролық және басқа да қару-жарақ түрлерінен бас тартуға, баянды бейбітшілік әлемін қалыптастырып, өмірлік іс-әрекет әдісі ретінде соғыс атаулыны түбірімен жоюға үндейді деп Іле аудандық кітапхананың директоры Жабиева Мейрамкүл апайымыз кешімізді ашты. Іле ауданының кітапхана директоры М.Жабиева, Мәдениет бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрайымы М.Ахмадиева, әкім орынбасары А.Италмасова, БЖК «Еламан» балалар клубының жетекшісі Қ.Дүйсебаева және де ауылымыздың үлкен апалары қатысты. Екі сағатқа созылған кеште ауыл апалары өз өткен өмірлерінен сыр шертіп, шер тарқатты. Еламан балалар клубының жас түлегі Е.Орынбек, Еламан клубының жұмысшысы А.Жаханова апаларымызға арнап ән шырқап кешіміздің көңілді өтуіне үлестерін қосты. Кеш соңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан аталарымызға арнап гүл шоқтарын қойды.
|