К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектепте «Ерлік білекте емес – жүректе» атты өткізілді. Аталмыш жиынға Алматы облысы, Іле ауданы прокурорының орынбасары Е. Миразов, Іле ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Г.Нечаев, Боралдай кенті әкімінің орынбасары Таңатар Айнұр Таңатарқызы қатысты. Жиын барысында аталған мектептің 6 «д» сынып оқушысы Абылай Сафеновтың жасаған ерлігі туралы ерекше айтылып, бағалы сыйлықтар табыс етіліп, алғыс хаттармен марапатталды.
Оның айтуынша, сол күні кешкі уақытта сабақтан шыққаннан кейін үйіне қайтып бара жатқанда, артынан 30-40 жас шамасында бір мас адам бас салып, аузын тұмшалап, қалың теректердің арасына қарай сүйрей бастағанда сол жерде кездейсоқ өтіп бара жатқан 18 жастағы қыз баланы қылмыскер көріп қалып, Абылайды босата салып, қыз балаға қарай беттейді. Қыздың қолындағы ұялы телефонын тартып алмақшы болып, теріс әрекетін жүзеге асырмақшы болады. Қарсылық көрсеткен қызға қол жұмсап, ұрып-соға бастайды. Сол мезетте Абылай шапшаңдығымен, жылдам әрекетінің арқасында дереу арада көмекке полиция қызметкерлерін шақырады. Санаулы уақыттарда полиция қызметкерлері болған жерге жетеді. Қылмыскерді дереу кісендеп алып кетеді. Ал, Абылай мен 18 жастағы Айнұр атты қыз баланы үйлеріне апарып ата-анасына табыстайды. Міне, осындай қайсар, ер жүректі жасөспіріміздеріміз марапаттауға, алғысқа иелену керек. Себебі, ерлікті іс-әрекетті жасайтын жасөспірімдер, болашақта адамгершілікті, жауапкершілікті, заңды сыйлайтын, жақын адамдарын, жерін қорғай алатын, Отанын сүйетін, елінің патриоты болатыны сөзсіз. Сонымен қатар елдегі патриотизмді күшейту, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, білімді өркендетуді жаңа Стратегияның басым бағыттарының бірі деп айқындап берген болатын Елбасы Н.Назарбаев.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген халық даналығын көрегендігін ұстанып отырғаны айқын.
Жиын соңында мектеп директоры С.Бектурганова қайсарлық танытқан ер Абылайға ақ тілегін білдіріп, мектеп оқушыларына өнеге боларлықтай іс жасағандығын мақтан тұтты. Бұл жиын өскелең ұрпаққа ұмытылмас әсер қалдырды.

|